Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысының мыңға жуық талапкері «Серпін-2050» бағдарламасымен оқуға түсті
    Айғақ TV

    Түркістан облысының мыңға жуық талапкері «Серпін-2050» бағдарламасымен оқуға түсті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елімізде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында өткен оқу жылында еліміздің оңтүстік өңірлерінен республиканың 5 облысына барып оқуға ниетті мектеп бітіруші түлектер үшін 5629 грант бөлінген. Оның 5109-ы жоғары оқу орындарына, қалғаны орта арнаулы оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттар. Соның ішінде 956 грантқа Түркістан облысының талапкерлері ие болған.
    Жалпы «Серпін-2050» бағдарламасының негізгі мақсаты — халқы тығыз орналасқан Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарынан кадр жетіспеушілігі байқалған солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Яғни оңтүстік мектеп түлектері Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы беделді мемлекеттік университеттерде білім алатын болады.


    Соңғы 5 жылда Түркістан облысы бойынша аталған бағдарлама аясында жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастар саны – 9 мыңнан асып отыр. Ал, колледждерде – 1 329 жас білім алуда. Жалпы Түркістан облысы бойынша бағдарлама аясында 10 364 жас оқуға қабылданған.
    Өткен жылы «Серпін» жобасының алғашқы студенттері жоғары оқу орындарындағы оқуларын аяқтады. Соның ішінде Түркістан облысының 320 түлегі бар.
    Бұдан бөлек, биылғы жылы Түркістан облысы бойынша жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың бітірушілер саны 140-ты құрап, оның 55-і жоғары оқу орнында оқуға ниет білдіріп, грант иегері атанған. Аталған 55 оқушының 35-і өз білімдерімен грант иегері болса, 20 бала талап етілген шекті балды жинап, университет ректорларының жеке гранттары иегері атанып отыр. Қалған оқушыға кәсіптік-техникалық колледждерге таңдаған мамандығы бойынша жолдама берілетін болады. 9-шы сыныпты бітіріп, колледжде білімін жалғастыруды қалаған оқушылар саны 33 баланы құрап отыр.
    Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.