Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шымкент: Кәсіпкерлер Палатасының өңірлік кеңесі жаңа құраммен толықты
    Айғақ TV

    Шымкент: Кәсіпкерлер Палатасының өңірлік кеңесі жаңа құраммен толықты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.08.2020Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы республика бойынша кәсіпкерлердің өңірлік кеңестердің сайлау қорытындысын шығарды. Өңірлік кеңестер – кәсіпкерлер палаталарының бақылаушы органдары. Сайлау кампаниясының қорытындысы бойынша 14 облыста өңірлік кеңестердің жаңа құрамының тізімі анықталды.
    Шілде айында бастау алған сайлауда 7-22 шілде аралығында кандидаттарды тіркеу және құжаттарды қабылдау жүргізілді, 25 шілдеден бастап 3 тамызға дейін үгіт-насихат жүргізілді. Негізгі кезең – сайлау – 5-20 тамыз аралығында өтті. Шымкент қаласында өңірлік кеңестер құрамындағы 30 орынға 67 кандидат қатысты.
    Кандидаттар ретінде өңірде тіркелген кәсіпкерлер, өзін-өзі реттейтін ұйымдар және ӨКП-да аккредиттелген қауымдастықтардың жетекшілері мен атқарушы органдарының мүшелері тіркеле алды. Кандидаттар ретінде өз өңірінде белсенді, қоғамда беделі бар кәсіпкерлер, қауымдастықтардың жетекшілері тіркелді. Үміткерлер арасында ауыл, орман және балық шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, қызмет көрсетудің басқа да салалары, көтерме және бөлшек сауда саласының өкілдері басым болды.
    Дауыс беру vote.atameken.kz сайты базасында, сондай-ақ SMS-дауыс беру арқылы іске асырылды. Осы ретте дауыс беруге сәйкес өңірдің бизнес субъектілері ұйымның БСН-ЖСН нөмірін растау арқылы қатысуға құқылы болды.
    Шымкентте дауыс беруге 17 653 кәсіпкер қатысты. Шымкенттік бизнес дауыс беру науқанында өңірлер арасында ең белсенді болып танылды.
    Пандемияның таралуы мен карантинге байланысты шектеулер шеңберінде барлық үгіт-насихат іс-шаралары онлайн режимінде немесе БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жүргізілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлер – дауыс беруге қатысушылармен бейнебайланыс арқылы кездесулер, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізілді, сондай-ақ үгіт-насихат және бағдарламалық материалдар телевизия, баспа басылымдар және Facebook, Instagram желілері арқылы жарияланды.


    Дауыс беру аяқталғаннан кейін өңірлік іріктеу комиссиясы Досболов Әбілқасым төрағалығымен дауыстарды санауды жүргізу мақсатында отырыс өткізді.
    Дауыс беру нәтижесінде ен көп дауыс жинаған келесі 30 кәсіпкер Шымкент қаласының Өңірлік кеңес құрамына енді.

    1          КЕРІМБАЕВА Наргиза Абайдуллақызы,  «Retail Stores Kazakhstan» ЖШС бас директоры – 2100 дауыс;

    2          БАЛАБИЕВ Нұрсұлтан Қайратұлы, «Самал транзит» ЖШС директоры – 1187 дауыс;

    3          НИШАНБАЕВ Тахирбек Фархадұлы,  «Бәйтерек агро» ӘКК құрылтайшысы – 1169 дауыс;

    4          НАИМБЕКОВА Айжан Ізбасханұлы, «Барыс – 2007» ЖШС бас директоры – 1158 дауыс;

    5          ҚАМБАРОВ Есбол Әуесбекұлы, «Юг hause» ЖШС бас директоры – 1045 дауыс;

    6          МЫРЗАБАЕВ Абай Төленбайұлы,  «Nurtau distribution company» ЖШС бас директоры – 876 дауыс;

    7          ТАШҚАРАЕВ Нұрсұлтан Ғаниұлы, «Мұнай Инвестмент груп» ЖШС Басқарма төрағсы –  640 дауыс;

    8          КОПАЙЛОВ  Игорь Игоревич , «HORECA Қазақстан» мейрамхана-қона үй кәсіпорындарының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ президенті – 621 дауыс;

    9          НҰРМАШЕВ  Бекайдар Қалдыбайұлы     «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластер қауымдастығы» ЗТБ президенті – 570 дауыс;

    10        ЖҮЗЕНОВА Гүлия Бексұлтанқызы, «Экофарм Интернейшнл» ЖШС бас директоры – 568 дауыс;

    11        СЕЙІТЖАНОВ  Нұржан Серікжанұлы,  «Standart Petrolium» ЖШС директоры – 524 дауыс;

    12        АСАНОВ  Мұхит Қабылбекұлы,  «Асем» ҮЕҰ ЖШС, бас директоры – 418 дауыс;

    13        ТӨЛЕНДИЕВ Әнуар Расұлұлы,   «А.Р.Т. – Құрылыс» ЖШС, құрылтайшысы – 411 дауыс;

    14        СЕЙДУАЛИЕВ  Абдуғали Малайжанұлы, «РА «April» ЖШС, қаржы директоры, 374 дауыс;

    15        МАМЫТОВ Нұржан Қалилаұлы, «Телеком-трейд» ЖШС бас директоры, 355 дауыс;

    16        МАМЫРОВ  Ойрат Маратұлы, «Эристайл Казахстан» ЖШС, атқарушы директоры – 336 дауыс;

    17        БИТЕМІРОВ  Мұхтар Құралұлы,  «Зерде» ЖШС, бас директоры – 317 дауыс;

    18        ҚОЗБАХОВ  Шыңғыс Лесбайұлы «ЮгОойлПро» ЖШС  директоры – 283 дауыс;

    19        ДОСЫМОВ Қанат Тастыбайұлы, «Казтермопласт» бас директоры – 268 дауыс;

    20        МОЛДАСЕЙІТОВ Қайрат Құсейінұлы «Алтын тастақ» ЖШС құрылтайшысы – 250 дауыс;

    21        ЗИЯТБЕКОВ Дінмұхаммед Әбдірбекұлы, «Business and Travel Central Asia» ЖШС директоры – 245 дауыс;

    22        ТОҚБЕРГЕНОВ  Елікбай Адишұлы «Санжар-Моторс» ЖШС құрылтайшысы – 244 дауыс;

    23        ИСХАХОВ Талғат Жүнісбекұлы, «Бал Текстиль» ЖШС директоры – 232 дауыс;

    24        МЕЛДЕХАНОВ Өмірзақ Пердебекұлы, «Пресс-Автомат» ЖШС бас директоры – 230 дауыс;

    25        ДОСМУХАМЕТОВ Болат Сейілханұлы, «ЕвроКристалл» ЖШС бас директорының орынбасары – 223 дауыс;

    26        ОМАРОВ Ерлан Мамрайқанұлы «Рауан – 7» ЖШС директоры – 213 дауыс;

    27        ОҢҒАРБАЕВ Есламбек Құдайбергенұлы, «Emdel.KZ» ЖШС, бас директоры – 210 дауыс;

    28        ХЕГАЙ Сергей Валерьевич,  «Mega SMART» ЖШС бас директоры – 204 дауыс;

    29        ТӨЛЕГЕНОВА Салтанат Ходжа-Мамедқызы, «Тулегенова» ЖК, директоры – 195 дауыс;

    30        ДЕНИСОВ  Владимир Иванович, «Авиакомпания «Scat» ЖШС президенті – 191 дауыс.

    Өңірлік кеңестің жаңа құрамында – билік органдарынан 4 депутат бар, 13-і – өңірлік кеңестің бірінші құрамының өкілдері.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.