Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шаурманы жиі қолданасыз ба?
    Айғақ TV

    Шаурманы жиі қолданасыз ба?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шаурма тез дайындалатын тағам түріне жатады. Бұл тағамның дәмді, әрі бағасы да қымбат емес болғандықтан, көпшілігі жиі тұтынып жатады, әсіресе, жастар қауымы. Түрлі дәмдеуіштер әсерінен бір жеген адамды өзіне қайта тартып тұратыны да белгілі. Дегенмен, ашығып тұрғанда тез дайын болатын қасиетімен және дәмі тіл үйіретіндігімен, уақытша тойымдылығымен ерекшеленетін бұл тағамның адам ағзасына берер әсері жайлы көпшілігі біле бермейді. Ендеше, осы тағамның сапасы мен құрамы жайлы біле жүргеніңіз артық болмас.
    Шаурманың құрамына майлар мен консерванттар көп қосылатындықтан, тағамның пайдасынан гөрі зияны басым болып келеді. Әр кезде тұтынатын адамдар денсаулығына айтарлықтай зиян әкелмеуі мүмкін, алайда жиі тұтынатын болсаңыз, ойланып көргеніңіз дұрыс. Себебі, шауырманы жиі қолдану семіздік, асқа¬зан, жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті және тағы да басқа түрлі ауруларға алып келуі мүмкін. Тез тамақтану¬дың кесірінен ас қорыту қызметі қиын¬дайды. Сол себепті, жоғарыда айтылған жағдайлар тек шауырмаға ғана емес, лаваш, гриль, сэндвич, жалпы барлық фаст-фуд тағамдарына да қатысты. Әсіресе, балаларды мұндай тағамдарға үйретпеген дұрыс, ең абзалы, үйде дайындалатын тағамдарды тұтынғаны.
    Тағамның құрамынан бөлек, қандай жерде дайындалып жатқанына да көңіл бөлу қажет. Себебі, мұндай нысандардың көпшілігі тексеруге жатпайды, нысандардың және өнімдердің қауіпсіздігіне кәсіпкерлер жауапты. Сондықтан, ол жерде пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының бар-жоғын, жалпы нысанның санитариялық тазалығына мән бергеніңіз жөн. Егер, өнім сапасы қандай да бір күдік тудырса, сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжатты сұрауға құқылысыз.

    Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.