Биыл Төлеби ауданы бойынша 1842 гектар егістік жерге көкөніс дақылдары егіліп 33 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Ал бүгінгі таңда жиын терім маусымы қарқынды жүріп жатса, дәл қазір 26 мың тоннадан астам өнім жиналған. Сонымен бірге 1419 гектарға егілген картоптан 23 мың тонна өнім алынып отыр.
Айталық, Көксәйек ауылдық округіндегi «Н.Жубаева» жеке кәсіпкерлігі ағымдағы жылы 10 гектар егістік жерге көкөніс дақылдарын өсіріп еселі, өнімге қол жеткізуде. Шаруашылықтың егiс алқабында 4 гектар – қызанақ, 2,8 гектар – қияр, 0,1 гектар – сәбіз, 0,1 гектар – болгар бұрышы және 3 гектар картоп егілген. Бүгінгі таңда қияр және қызанақ дақылын жинау жұмыстары жүргізілуде. Қызанақтан – 30 тонна, қиярдан – 25 тонна өнім жиналып аудан аумағымен қоса бірқатар облыстарға сатылымға шығарылуда. Сонымен қатар алдағы уақытта қызанақтан қосымша – 75 тонна, қиярдан – 50 тонна өнім жинау жоспарлануда. Мұнда 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық кезеңде қосымша 30 адам жұмысқа тартылған.
aigak.kz