Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысында үш айда 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
    Айғақ TV

    Түркістан облысында үш айда 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.08.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мамыр айынан бастап Түркістан облысында 460 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жұмыспен қамту орталығы екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға көмектесуге дайын. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде қолға алынған жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Нәтижесінде 10 313 адам еңбекпен қамтылды. Ең төменгі жалақы — 85 мың теңге. Ең көп жұмыс орындары – құрылыс саласында.

    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты — жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттыру.

    Жыл соңына дейін Түркістан қаласының өзінде 48 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асады. Олардың басым бөлігі қалаға ауыз су, газ, электр жүйелерін тартуға бағытталған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан, қалаларда орналасқан 100-ге жуық мектепте санитарлық тораптар ретке келтіріледі. 100 шақырымдай жол жөнделіп, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің ғимараттарында пандустар орнатылады.

    Карантин кезінде жұмыс берушілер тарапынан қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптар сақталынып, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында 24 925 уақытша жұмыс орындары мен 2000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланған.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.