Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Үкімет жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі шаралардың іске асырылу барысын қарады
    Айғақ TV

    Үкімет жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі шаралардың іске асырылу барысын қарады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру барысы қаралды,-деп хабарлайды primeminister.kz

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев баяндама жасады.

    Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының, Жұмыспен қамтудың жол картасының және басқа да салалық бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шаралары 743 мың адамды қамтыды. Жылдың соңына дейін 1 млн 220 мың адамға қолдау көрсетіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударылып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі оңтайландырылды. Осы жобалар (6 702 жоба) аяқталған соң, аралас салаларда қосымша 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылады.

    Премьер-Министр Шымкент қаласында, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асырудың жоғары қарқынын атап өтті. Орташа көрсеткіштер Қарағанды, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Атырау облыстарында, Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында байқалады.

    Сонымен қатар жекелеген көрсеткіштер бойынша екі өңір артта қалып отыр: Қызылорда облысында — мемлекеттік гранттар беру 47,5%, қоғамдық жұмыс – 50,1%, жобаларға бөлінген қаржыны игеру – 56,2% және жұмыс орындары құру – 44,4%. Батыс Қазақстан облысында — микрокредит беру бойынша тек 28,6%, жастар тәжірибесі – 37,7%, жобаларға бөлінген қаржыны игеру – 58,9% және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша 25,8% деңгейінде.

    «Жыл соңына дейін төрт ай ғана қалды. Әкімдіктер бағдарламаларды іске асыру жұмыстарын жандандыруы қажет. Қазіргі жағдайда бірінші кезектегі міндет – бұл азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету. Қажетті ресурстар бөлінген, барлық құралдар бар, еңбек нарығында теңгерімсіздіктердің пайда болуына жол бермеу керек», — деді А. Мамин.

    Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруды, сондай-ақ Электрондық еңбек биржасының бизнес-процестерін оңтайландыру, жұмыспен қамту шараларымен проактивті қамтуды дамыту және оларды іске асыру мониторингін күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

    Әкімдіктерге әрбір жұмыссыз адамның профайлын құру және онымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша атаулы жұмыс жүргізу тапсырылды. Жұмыспен қамтудың жоспарланған индикаторларына қол жеткізіп, тұрақты жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажет.

    Ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы министрліктеріне «Атамекен» ҰКП және әкімдіктермен бірлесіп, бизнес бастамаларды дамыту және қолдау бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.