«Шымкент — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының аясында мегаполисте ерекше жоба қолға алынды. Бұл қалаға келетін туристер үшін де тиімді болмақ. Туризм басқармасы тарапынан ірі көшелердің қиылысына орнатылып жатқан навигациялық стелалар арқылы қажетті ақпаратыңызға қол жеткізесіз.
Навигациялық стела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретінде қызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемді дизайн, — деп түсіндіреді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Бүгінгі таңда аталған навигациялық стелалардың бірі — Б. Момышұлы және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орнатылды. Алдағы уақытта бұдан өзге 29 стеланы орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Айғақ-Ақпарат»