Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі Ясауи жайлы аңыздардың балаларға арналған топтамасын онлайн түрінде ұсынуда
    Айғақ TV

    «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі Ясауи жайлы аңыздардың балаларға арналған топтамасын онлайн түрінде ұсынуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі карантин режиміне байланысты бұқара халықпен тұрақты түрде онлайн қызмет атқарып жатқаны белгілі. Осы орайда балалардың жазғы демалысын тиімді пайдаланып, аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерді кеңінен насихаттау, патриоттық сезімге баулуға ықпал ету, тарихи орындар мен тұлғалар жайлы тереңірек танып-білуге шақыру мақсатында  аңыз-әңгімелер топтамасын балалар тілінде ұсынуды қолға алды.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жинақтаған «100 аңыз» кітабындағы аңыз-әңгімелер арқылы Қожа Ахмет Ясауидің балалық шағы, ұстаздары мен шәкірттері, өмірлік жолы мен өнегесі, тарихи орындар мен тұлғалар жайлы бейне көрсетілімдер анимация және деректі фильмдер мен графикалық суреттерді құрастыра отырып сипаттайтын болады.

    Балаларға арналған аңыз-әңгімелер «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің фейсбук парақшасында (https://www.facebook.com/1015346828621965/posts/1688694991287142/), ютуб арнасы (https://youtu.be/W0je1dreUNE) мен ресми сайтында (https://azretsultan.kz/)жарияланады.

    Айта кетсек, наурыз айынан бері елімізге белгілі зерттеуші, ғалымдар мен тарихшылар, археологтар және реставраторлардың қатысуымен тарихи-танымдық бағытта онлайн-дәрістер мен кездесулер, көрмелер мен «Бір жәдігер — Бір тарих» атты бейнешолулар, киелі орындарға бейнесапар, «Экскурсовод сағаты» сынды көптеген бағыттар аясында музейдің тыныс-тіршілігі үздіксіз ақпараттандырылып келеді.

    Төл тарихымыздың, ұлылардың ескірмес аманатын бүгінгі және болашақ ұрпаққа өз қалпында жеткізуі тиіс маңызды орын  — қорық-музей ұжымы қашықтан қызмет етуде балаларды да назардан тыс қалдырмай, балалар арасында «Түркістан және тарихи орындар мен тұлғалар» жайлы ізденісті арттырып, таным көкжиегін кеңейту үшін онлайн-сауал шарасы мен қылқалам шеберлерінің көрмесі және шеберлік сабағын ұйымдастырған болатын.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.