«Туған жерге тағзым — әр перзенттің парызы» дегендей, өзге аймақта тұрып жатса да, туған жерін ұмытпай, қиын сәтте қамқорлық жасап жатқан азаматтар қатары Түлкібас ауданында күн санап артып келеді.
Бұлай дейтініміз аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жаман індетпен күресу мақсатында түлкібастық еріктілер соңғы бір айдың көлемінде орталық ауруханаға 23 дана оттегі концентраторын, 360 дана арнайы медициналық киімдер(спец одежда), 210 дана оттегі балонын, 5 дана автоматтандырылған кір жуу машинасын, 15 пулсоксиметр және ғимаратты залалсыздандыру үшін аса қажетті кварц лампаларымен қамтыған. Сондай-ақ, аудан еріктілері тарапынан медицина саласының қызметкерлеріне түскі астар ұйымдастырылған болатын.
Қазіргі таңда аудандық ауруханада жалпы 24 оттегі концентраторы бар. Бұдан бөлек, бір мезетте 64 науқас оттегімен дем ала алатын нүктелер орнатылған.
Аудан аумағындағы елді мекендерде үйінде жатып ем қабылдап жатқан тұрғындарға 22 медицианалық бригадалар құрылып, ауылдық округ, кент әкімдерінің қызметтік көліктерімен үйме үй аралап ем домдарын жасауда.
Осылайша түлкібастықтар коронавирус инфекциясымен күреске жұдырықтай жұмылып, қиындықты бірігіп еңсеріп отыр.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі