Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан: Дәрігерлер ми тамыры зақымданған жүкті әйелді аман алып қалды
    Айғақ TV

    Түркістан: Дәрігерлер ми тамыры зақымданған жүкті әйелді аман алып қалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.08.2020Updated:04.08.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласының 36 жастағы тұрғыны Айжан Сүлейменова жүктіліктің 10-шы аптасында. 28-ші шілде күні облыстық клиникалық ауруханаға ишемиялық инсульт диагнозымен ауыр халде жеткізілген. Миының қан тамыры зақымдалып, өміріне қауіп төнген науқасқа шұғыл түрде дәрігерлер консилиумының шешімімен ота жасалынады. Қазір ана мен құрсақтағы бала өміріне ешқандай қауіп жоқ.
    Отаны нейрохирург-дәрігер Әсет Қыдыров жасаған. 2 сағат науқастың өміріне араша болып, кәсибі біліктілігін дәлелдеді.Айтуынша, инсульт ауруы қазіргі таңда жастар арасында да жиі кездесуде. Бастысы отадан кейін де дәрігер нұсқауларын бұлжытпай орындау қажет.
    Науқастың өзі ақ халатты жандарға алғысын жаудыруда. «Қол-аяғым істемей, өте ауыр халге түсіп қалдым. Осы ауруханаға келіп, еміме шипа таптым. Дәрігерлерге шексіз алғысымды білдіремін»,-дейді Айжан Сүлейменова.


    Сәтті ота аурухананың осыдан үш жыл бұрын ашылған рентгендік хирургия бөлімінде жасалынды. Аталған бөлімде заманауи медициналық рентгендік аппаратты қолдану арқылы бас ми тамырларының зақымдалуында, жүрек, қатерлі ісік пен урологиялық және басқа да ауруларға байланысты 30-ға жуық ота түрлері жасалынады. Биылғы жылдан бастап тіпті жүрек қан тамырларында коронаграфия мен стендтеу әдісімен ота жасау қолға алынған. Жыл басынан бері білікті дәрігерлер құрамы 360 сәтті ота жасап, талай жанның өміріне араша бола білді.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.