Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Су ресурстары-Маркетингі» ЖШС Суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суларды бұру қызметтері туралы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.
«Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-і 22 жылдан астам қызмет көрсету нарығында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында табысты жұмыс істеп келеді.
Өндіріске және тарату желілері арқылы су беру және ағынды суларды бұру қызметтеріне жұмылдырылған 43,1 млрд.теңге көлеміндегі негізгі қорлар штаттық режимде қолданылды.
Шымкент қаласын сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін 2025 жылға дейін инвестициялау негіздемесімен (әрі қарай ИН) 7,0 млрд.теңге жыл сайынғы қымбаттау коэффициентінің есебімен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің балансындағы сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін жаңғырту және қайта құру жұмыстарына жыл сайынғы сомасы белгіленді.