Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Асқар Жұмағалиев бұл қызметті 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап атқарып келген болатын.