Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Төлебидегі селден зардап шеккен отбасыларға 42 жаңа баспанының кілті тамыз айында тапсырылады
    Айғақ TV

    Төлебидегі селден зардап шеккен отбасыларға 42 жаңа баспанының кілті тамыз айында тапсырылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 13 мамыр күні қатты жауын-шашын салдарынан су арналары тасып, сел орын алған болатын. Салдарынан бірнеше үйді су басып, зақымданды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудандағы 42 үй жарамсыз деп танылып, жаңа баспаналардың құрылысы басталған. Бүгінде құрылысы қарқынды жүріп жатқан үйлер аяқталуға жақын. Жалпы 42 үй тамыз айының басында толық аяқталып, иелеріне табысталатын болады.
    Айта кетерлігі, аталған баспаналардың 17-сі – Леңгір қаласында, 2-і – Киелітас, 22-сі – Сұлтан-Рабат, 1-і – Ынтымақ ауылдарында соғылуда. Қазіргі таңда 22 үйдің шатыры жабылып, терезесі орнатылған. Ішкі электр желісін, жылу жүйелерін жүргізу мен ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал 20 үйдің шатырын жабу жұмыстары жүргізілсе, 7 үй жуық арада толық аяқталады.

    Баспаналардың жалпы аумағы – 2640 шаршы метр. Үйлердің құрылысын 9 мердігер мекеме жүргізуде. Құрылысы аяқталған кезде селден зардап шеккен отбасыларға 42 баспананың кілті табысталады.
    Төлеби ауданына сапар аясында Леңгір қаласындағы №5 мектеп гимназиясын құрылыс-монтаждау жұмыстары таныстырылды. Негізінен 600 орындық мектептің ескі ғимараты жаңғыртылып, қосымша 200 орындық жаңа ғимараттың құрылысы жүруде. Сондай-ақ, мектептің жаңа асханасы мен спорт залы, кітапханасы мен шеберханасы болады. Қазіргі таңда, нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу, жылу жүйелерін жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме «Қаратау ЛТД» ЖШС-і нысанды биылғы жаңа оқу жылында толық аяқтап, пайдалануға беретін болады.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.