Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Өмірзақ Шөкеев: «Бұл қаралы хабар мен үшін өте ауыр болды»
    Айғақ TV

    Өмірзақ Шөкеев: «Бұл қаралы хабар мен үшін өте ауыр болды»

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов 15 шілдеде мәңгілік сапарға аттанды. Арыс пен Мақтааралдағы төтенше оқиға кезінде іскерлігімен көзге түскен Қосман Қайыртайұлы Түркістан облысының өркендеп дамуына өзіндік үлес қоса білді. Бұл қаралы хабар Түркістан жұртының қабырғасын қайыстырып кетті. Бүгін фейсбукта жазба қалдырған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл қаза өте ауыр болғандығын жазды.  ⠀
    «Өзімнің әріптес бауырым, бірінші орынбасарым Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметовтің қазасы туралы суыт хабарды естігенде төбемнен жай түскендей күйде болғанымды жасыра алмаймын. Жүрек қан жылап тұр. Қазақстан еліне белгiлi азамат, құрметтi әрiптесім Қосман Қайыртайұлының дүниеден өтуін ауыр күйзелiспен қабылдадым. Қимастық сезімімді жеткізу қиынға соғуда…⠀
    ⠀
    Саналы ғұмырын еліміздің өркендеуіне арнаған асыл азамат еді. Біз екеуміз сонау ел астанасы – Астанаға қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына көшкен сәттен бастап етене танысып, қала басшылығында жүрген жылдары сенiмдi серiктерімнің, адастырмас ақылдастарымның бiрi бола білді. ⠀

    Мемлекет және қоғам кайраткері, абзал азамат Қосман Айтмұхаметов әрбiр iстiң көзiн таба бiлетiн бiлiктi де талапшыл басшы еді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары кезінде Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның жаңаша кейіпке енуіне, Арыс қаласындағы жарылыстан туындаған төтенше жағдайдың зардабын жоюға атсалысып, сондағы үйлердің соңғы шатыры жабылғанша барын салып құрылыстың басында жүрді. Мақтаарал ауданындағы су тасқынының салдарын жою шараларына да өлшеусіз үлес қосқан Қосман Қайыртайұлының мезгілсіз өмірден өтуі бәріміздің де жанымызды күйзелтіп кетті. ⠀
    Өз ісіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігінің арқасында Қосман Қайыртайұлы көптің құрметіне бөленумен қатар өңірдің көркеюіне, облыстың экономикасы мен әлеуметтік дамуына сүбелі әрі өлшеусіз үлес қосты. ⠀


    ⠀
    Саналы ғұмырын ұлт қызметіне, мемлекет ісіне арнаған азаматтың өмір жолы, өнегесі кейінгі ұрпаққа өшпес үлгі болып қала берері анық. ⠀
    «Жақсының аты өлмейді» дейді халқымыз. Мемлекеттік істе өз өрнегі, қайталанбас қолтаңбасы бар азаматтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын. Асыл азаматтың бейнесi жадымызда ұзақ сақталады», — деп жазады Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

    «Айғақ-Ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.