Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісі жолға қойылуы мүмкін
    Айғақ TV

    Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісі жолға қойылуы мүмкін

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түрік инвесторлары Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін жолға қоюы мүмкін. Мемлекетаралық келіссөздер шеңберінде Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Елшілігінің белсенді қатысуымен Biosys компаниясынан Biyovent ӨЖЖ аппаратының өндірісін игеру мүмкіндігі қарастырылуда, — деп хабарлайды ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі.

    Бүгінгі күні «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «KAZAKH INEVST» ҰК» АҚ-ның көмегімен «ҚазақстанAselsan Инжиниринг» ЖШС бірлескен қазақстан-түрік кәсіпорнында медициналық құрал өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

    «COVID-19 бойынша аурудың өсуі аясында денсаулық сақтау органдары қосымша 3-4 мың ӨЖЖ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл аппараттардың сериялық өндірісі 2020 жылдың сәуірінде Түркияда іске қосылды. Бүгінгі таңда Biyovent ӨЖЖ Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жұқпалы аурулар орталығына сынақ жүргізу үшін ұсынылған. Зерттеу нәтижелері бойынша өндірісті оқшаулау туралы шешім қабылданады», — деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ № 2 жобалармен жұмыс департаменті жобасының жетекшісі Әмір Ахметов.

    Мамандар атап өткендей, Biosys – Түркиядағы биомедициналық жабдықтарды әзірлеуші және өндіруші компания. ӨЖЖ Түркия кәсіпорындарының тек ішкі өндірістік мүмкіндіктерін пайдалана отырып әзірленген және өндірілген. Бұл аппарат Түркия Республикасы Ғылым, өнер кәсіп және технологиялар министрлігінің және Билкент Технопаркінің көмегімен 5 жылдық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі.

    Biyovent ӨЖЖ зияткерлік қауіпсіздік жүйесі мен ыңғайлы интерфейсі бар. Құрылғы әртүрлі пациенттер тобымен (неонаталды, балалар, ересек) үйлесімді, кеңейтілген адаптивті бақылаудың озық алгоритмдерін қолданады. Аппаратты қысқа мерзімде 100-ге жуық инженердің қатысуымен ASELSAN, Bilkent, Biosys, Arçelik түрік компанияларының консорциумы пысықтады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.