Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Жас-кәріге қарамастан, талайдың өмірін қылыштай қиып түскен пандемиямен күресу – біздің ортақ міндетіміз
    Айғақ TV

    Жас-кәріге қарамастан, талайдың өмірін қылыштай қиып түскен пандемиямен күресу – біздің ортақ міндетіміз

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.07.2020Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Күллі адамзатты әбіргерге салған COVID-19 індеті өте ауыр әрі жауыз тұрпатта ортаға шықты. Бұл аурудың емі мен оған қарсы вакцинасы әлі табылмады. Сондықтан, әлемдегі дамыған елдерді қоса алғанда көптеген мемлекеттерде бұл індет мыңдаған адамның өмірін қиюда. Өкінішке қарай, бұл қайғы бізді де айналып өтпеді. Арамызда осы ауру кесірінен жақындарынан, таныстарынан, әріптестерінен айырылған жандар да аз емес. Індет жас-кәріге қарамастан, адамдардың өмірін қылыштай қиып жатыр.

    Сондықтан, 13 шілде – Президентіміз жариялаған Жалпыұлттық аза тұту күнінде бұл жауыз індеттен көз жұмғандарды еске алып, отандастарымыздың жаны мен денсаулығын сақтаймын деп өмірден озған медицина қызметкерлеріне тағзым ету баршамыздың парызы! Бұл күн – пандемиямен күресте халқымыздың бірлігі күні болу керек. Сонымен қатар, біздер үшін отандастарымыздың, олардың туыстарының және әріптестерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудағы жауапкершілікті түсіну күні болу керек.

    https://total.kz/storage/8a/8ad8b5168f294594c595596a1ab6843e.jpg
    https://total.kz/

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, халқымызға арнаған мәлімдемесінде пандемияға қатысты қоғамды алаңдататын барлық мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды. Президентіміз елімізді дағдарыстан іс жүзінде шығаратын  нақты пандемиямен күрес бағдарламасын ұсынды. Бұл үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Үйде медициналық қызмет көрсету үшін 3,5 мың мобильді топ құрылатын болды. Аурухана жатақтарының саны 43 мыңға дейін жеткізіледі. Короновирусты анықтауға арналған ПТР (ПЦР) сынақтарының саны күніне 40 мыңға дейін артатын болды. Бұл – инфекцияны дер кезінде анықтауға және аурудың пневмония сатысына жетуінің алдын алу мақсатында тиісті медициналық көмек көрсету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

    Президентіміз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Бұл – отандастарымызды ерекше толғандыратын мәселе. Өкінішке орай, елімізде пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің бағасын асыра көтермелеп, жасанды дәрі-дәрмек тапшылығын тудыратын және өз бизнесін адамдардың қайғысына құратын кәсіпкерлердің де бар екені баршамызға мәлім. Бұл салада, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ең жақын мерзімде тәртіп орнатылады. Сонымен қатар, парацетамолдың 800 мың пакеті сатып алынғанын және дәріханаларға жеткізілгенін, оған қоса апта соңына дейін 900 мың пакеті алынатыны айтылды. 150 мың пакет антибиотиктер алынып, дәріхана қатарларына жеткізілуде. Бұл, жақын арада, індетпен күрестегі негізгі дәрі-дәрмектерге деген аса көп сұраныстың төмендеуіне себеп болады деп үміттенуге мүмкіндік береді. Президент айтқандай, жалпы алғанда дәрі-дәрмектер мен тыныс алу аппараттарын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға және басқа да шараларға 150 млрд теңге бөлінеді.

    Президент мәлімдеген шаралардың барлығы қысқа мерзімде тиісті нәтиже беріп, пневмонияның орташа және ауыр түрімен ауыратын науқастардың ауруханада емделуі мен оларды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешетін болады. Бұл шаралар елдегі COVID-19-ға қатысты жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Пандемияға қатысты проблемаларды жүйелі түрде шешу жалғасып жатқанда,  біздер қол құсырып күтпеуіміз керек деп ойлаймын. Әрбір ұжым өз деңгейінде індетке байланысты қиын жағдайға тап болып, көмек қажет ететін қызметкерлеріне тиісті қолдау көрсету үшін барлығын жасауы керек.

    Бұл тұрғыда, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті басшылығы, Кәсіподақ ұйымы және университеттің клиника-диагностикалық орталығы бірлесе Жол картасын жүзеге асыруда. Жол картасы аясында клиниканың және медицина факультетінің дәрігерлерінен топ құрылып, науқастанған қала тұрғындары мен университет қызметкерлеріне онлайн-кеңес беруде. Қызметкерлерге дәрі-дәрмек сатып алуға Кәсіподақ ұйымы қаржылай қолдау көрсетеді. Осы мақсатта, бекітілген хаттамаға (протокол) сәйкес антибиотиктермен пневмонияны емдеудің 200 курсына жеткілікті қаражат бөлінді.

    Университет клиникасында қызметкерлерге ақысыз негізде пневмонияны анықтау үшін компьютерлік томаграфиямен тексеру жүргізілуде және қажет болған жағдайда емделуі үшін клиниканың провизорлық бөліміне жатқызылуда. Сондай-ақ, университет клиникасы мен «АИ» медициналық орталығында амбулаториялық емдеу ұйымдастырылған. Мұнда оқытушылар мен қызметкерлер тиісті процедуралардан өтуіне мүмкіндік жасалған. Осылайша, біз диагностика мен емге мұқтаж барлық қызметкерлерді қамтамасыз етудеміз.

    Сонымен қатар, университеттің Кәсіподақ ұйымы тарапынан пневмониядан жазылып шыққан оқытушылар мен қызметкерлердің еліміздің ең жақсы шипажайлары мен демалыс үйлерінде реабилитациядан өтуі үшін 300 жолдама беру мәселесі шешімін тауып отыр.

    Біз, жұмыла күресу арқылы ғана короновирустық пандемияны тоқтатып, оның жойқын күшпен қайталануына қарсы қалқан бола аламыз. Дүрбелең мен эмоцияға жол бермеуіміз керек. Әлеуметтік желілерде көптеген жалған ақпараттың жиі таратылатынын ескере отырып, баршаңызды тек ресми ақпараттарды қолдануға шақырамын.

    Әзиз халқымыз бұдан да ауыр сынақтардан абыроймен өткен, сондықтан біз бұл қиындықтарды да абыроймен жеңеміз деп сенемін!

    Болатбек АБДРАСИЛОВ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.