Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізілуде
    Айғақ TV

    Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізілуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.07.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент дәріханаларын тиісті дәрімен қамтамасыз ету мақсатында көрші елдерден дәрі шығаратын фарм компаниялармен 10 миллион АҚШ доллары болатын дәрі-дәрмек алуға келісімшарт жасалды. Бұдан бөлек, қаладағы сегіз фармкомпанияға шетелден біржолғы тасымалмен дәрі әкелу бойынша рұқсат беріліп отыр. Қазіргі таңда Украина елінен дәрілердің алғашқы легі ұшақпен Алматыға келді, — деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Енді жүк көлігімен Шымкентке жеткізіледі. Осылайша, қаладағы дәріге деген тапшылықты шешу жағы қарастырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.


    Оның айтуынша, пневмония мен ЖРВИ-ға байланысты халық арасында сұранысқа ие «левофлоксацин» препаратының 1 млн 600 мың флаконы, 414 мың флакон «цефтриаксон», 100 мың қорап «дексаметазон» және 200 мың қорап «аскарбин қышқылы» сынды 20-дан аса қажетті дәрілерді алу бойынша келісімшарт түзілді.
    Бүгінгі таңда Шымкент қаласында тіркелген 560 дәріханада бір айлық дәрі-дәрмек қоры бар. Онда дене қызуын төмендететін препарат, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктер және «С» дәрумендері бар.
    Қала әкімінің бірінші орынбасары,сондай-ақ, дәрінің бағасын бақылау мақсатында құрылған төрт мониторингтік топ бүгінде 167 дәріханада болып, халық сұранысындағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізгенін айтты. Нәтижесінде 50-ден аса жайт анықталып, оның 10-на қылмыстық іс қозғалған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.