Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан: Пневмониядан 3 мыңға жуық науқас емделіп шықты
    Айғақ TV

    Түркістан: Пневмониядан 3 мыңға жуық науқас емделіп шықты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында пневмония дертін жұқтырғандар саны 5421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар саны 2933-ке жетті. Яғни, бүгінде науқастардың 54 пайызы толық емделіп шықты. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен өткен олнайн-брифингте мәлім болды.
    Бұдан бөлек, облыста коронавирустық инфекция расталып, тіркелген адамдар саны – 2079. 1 911 адам (9 балалар) – стационарлық бақылауда (оның ішінде: инфекциялық стационарда – 196 адам (2 балалар), провизорлық стационарда – 1 715 адам (7 балалар), — деп хабарлайды Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
    2020 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша короновирустық инфекциямен 28 жағдай тіркеліп, бір күндік өсім 1,4 пайызды құрады. Бұл аурудан жалпы сауығып шыққандар саны — 795.
    Ал, ЖРВИ-мен 7749 адам тіркелсе, оның ішінде 387 адам (5 %) ауруханаға жатқызылған, 336 науқас (87%) емделіп шыққан.
    Жалпы пандемиядан сақтанудың, ауырып жатқан науқастардың санын азайтудың басты жолы – ол сақтық шараларын күшейту. Көпшілік орындарға тек қажеттілікпен шығу, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Осы мәселелерге бас назар аудару керектігіне тоқталған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысы бойынша 16 аудан, қалада 187 медициналық мобильді топтар жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.
    «Мобильді топтар күндіз-түні жұмыс істеуі тиіс. Осы мақсатта оларды аудан әкімшіліктері көлікпен қамтамасыз етуде. Бұл топтар науқастарды ерте анықтап, ерте ем тағайындайды немесе ауруханаға жататын науқас болса тез арада жолдама береді», — деді Өмірзақ Естайұлы.
    Бұдан бөлек, барлық аудандарда карантиндік режимнің сақталуы мен сақтық шараларын түсіндіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Дегенмен, облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзған (той, отбасылық мерекелер өткізу және т.б.) — 1039 жағдай анықталып, оның 320-не айыппұл салынса, 96 азамат қамауға алынған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.