Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Пандемияға байланысты БҒМ магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo және IELTS INDICATOR онлайн тестілердің сертификаттарын қабылдауға рұқсат берді
    Айғақ TV

    Пандемияға байланысты БҒМ магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo және IELTS INDICATOR онлайн тестілердің сертификаттарын қабылдауға рұқсат берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    COVID-19 пандемиясы жағдайында ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын IELTS халықаралық емтиханын дәстүрлі форматта тапсыру мүмкіндігінің болмауына байланысты ҚР Білім және ғылым министрі жоғары оқу орындарының түлектеріне магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo English Тest және IELTS INDICATOR тапсыруға рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.

    Тестілеу емтихан кезінде көшіріп алуға мүмкіндік бермейтін ақпараттық жүйелер арқылы тек электронды форматта тапсырылады.

    Duolingo English Test және IELTS INDICATOR тапсыру кезінде прокторингтің заманауи жүйелері пайдаланылады. Duolingo English Test Плющ Лигасының университеттері, Russell Group, Назарбаев Университеті және әлемдік деңгейдегі көптеген жоғары оқу орындарымен танылады. Жалпы Duolingo жүйесінде тіркелген пайдаланушылар саны шамамен 300 млн адамды құрайды. IELTS Indicator – пандемия жағдайында тапсыруға болатын IELTS академиялық модулінің жаңа онлайн тесті.

    Магистратураға түсу үшін Duolingo English Test бойынша шекті балл 95-тен кем емес, IELTS INDICATOR бойынша – 6,0-тен кем емес. Докторантура үшін Duolingo English Test бойынша шекті балл 85-тен кем емес, IELTS INDICATOR бойынша – 5,5-тен кем емес.

    Duolingo English Test сертификатының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды, ал IELTS INDICATOR сертификаты 2 жылға дейін жарамды.

    Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат тек докторантура үшін міндетті болып табылады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін Duolingo English Test, IELTS INDICATOR халықаралық сертификаттарын ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.

    Назарларыңызға кешенді тестілеу және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты ұсынамыз.

    МАГИСТРАТУРА.

    Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://pvo-zayav.testcenter.kz жоо қабылдау комиссияларымен 15 маусымнан 15 шілдеге дейін жүргізіледі.

    Кешенді тестілеу 1 — 15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі. Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 — 20 тамыз аралығында қабылданады.

    ДОКТОРАНТУРА.

    Оқуға түсуге өтініштерді қабылдау ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының https://pvo-zayav.testcenter.kz сайты арқылы жоо қабылдау комиссияларымен 3 шілдеден 3 тамызға дейін жүргізіледі. Докторантураға түсу емтихандары 4 — 20 тамыз аралығында өткізіледі.

    ҚР БҒМ баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.