Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қоғамдық мониторинг: Шымкент қаласында әлі де дәрі жетіспеушілігі байқалады
    Айғақ TV

    Қоғамдық мониторинг: Шымкент қаласында әлі де дәрі жетіспеушілігі байқалады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған арнайы Жұмысшы топтың ұйымдастыруымен бірқатар дәріханаларға дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізді.  

    Екінші күні жүргізілген мониторинг барысында дәріханаларда дәрі-дәрмектердің әле де жетіспейтіндігі, кассалық аппараттардың болмауы мен чексіз, тіпті кейбір дәріханаларда рецептсіз дәрілерді сатуы анықталды.  Арнайы жұмысшы топпен бірлесе мониторинг жүргізуге  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев қатысып,  орын алған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.

    Жұмысшы топ мүшелері қала орталығы мен базардағы дәріханалардағы дәрі бағасына мониторинг жүргізді.

    «Бүгін 10-ға жуық дәріханаларды аралап, олардың бағасына, қажетті дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргіздік. Іс-шара өткізуімізге бірден-бір себеп қала тұрғындарының арызы болды. Әлі де дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, рецептсіз, чексіз дәрілерді өткізу жалғасып жатқандығын байқадық. Орын алған кемшіліктер бойынша растайтын құжаттарымен бірге дәріхана атауын көрсете отырып Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау Шымкент қаласы бойынша департаментіне шара қолдану үшін жолданады» — деді «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар. 

    Сондай-ақ, азаматтар дәріханалардағы қандай да бір заңбұзушылықтарға, кемшіліктерге тап болса аудио, бейне жазбалар мен ұсыныстарды, шағымдарды  8702 000 24 94 және  8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне дәріхана атауын көрсете отырып жолдай алатындығын хабарлады. 

    Алдағы уақытта Жұмысшы топ дәрі-дәрмек құнына тұрақты мониторинг жүргізуді жүйелі түрде жалғастырады.

    Айта кетейік, жұмысшы топтың құрамына Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен қатар денсаулық сақтау басқармасы мен Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Арнайы мониторингтік топтың және жастар мәслихаты өкілдері мен қоғам белсенділері енді. 

    Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.