Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Дәріханалар дерт алдында дәрменді ме?
    Айғақ TV

    Дәріханалар дерт алдында дәрменді ме?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласында дәрі-дәрмек қарапайым тұрғындарға  қолжетімді ме? Дәрі тапшы кезде, ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, қаржыға қарық болсам деген алыпсатарлардың арзан пиғылы шығар шыңына шықты ма? Дәріханалардағы арнайы рейдтік шараларды қала әкімінен бастап әр аудан басшылары жіті қадағалауына алған. Мұндай тексеріс жұмыстарынан шығатын нәтиже қандай?

     Шымкент қаласында дәрі-дәрмектің жеткілікті деп хабарланғанымен, Әл-Фараби ауданындағы бірер дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығы туындап отыр. Іздеген дәрісін таппаған сатып алушылардан сөз естіген фармацевт өзінің жан айқайын білдірді. Ал, бұл жағдайды Әл-Фараби ауданының әкімі бірінші кезекте дәрінің тапшылығы дәріханада емес, ауруханада болмау керектігін атап өтті.

    Айта кетейік, бүгін «Nur Otan» партиясы, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов бастаған қоғамдық мониторингтік топ аудан аумағындағы орналасқан ірі дәріханаларда болып, халық сұранысындағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

    Ондағы мақсат – дәріхана сөрелерінде дәрі-дәрмек тапшылығын, бағаларының шарықтау деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке чек берілу-берілмеуін қадағалау, сондай-ақ дәрі бағаларының мемлекет бекіткен баға тұрақтылығы мен халыққа қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізу.

    Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 118 дәріхана бар. Олардың 32-сі 24 сағат жұмыс істесе, қалған 86-сы күнделікті азанғы 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді екен.

    Бүгінгі рейдтік іс-шара барысын Әл-Фараби ауданы қызметкерлерімен қатар, арнайы мониторингтік мекеме қызметкерлерінің белсене араласуымен қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Мұндағы басты мақсат – қала дәріханаларының сөрелерінде дәрі-дәрмек тапшылығын, бағаларының шарықтау деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке түбіртек берілу-берілмеуін зерделеу еді.

    Сонымен қатар, қала түрғындарының сауалдарына жауап беретін жаңа орталық тәулік бойы жұмыс жасап жатқанын ескере кетсек. Қазіргі індет кезіндегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кез келген сауалдарыңызға 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала аласыз. Орталық барлық емханалармен және дәріханалармен ыңғайластырылып ақпараттандырылған. Аталмыш орталық сіз іздеген  дәріні қайдан табуға болатыны жайында мәлімет бере алады. Егерде, сіз  шектік бағадан асырып сату жағдайымен жолықсаңыз немесе куәгер болсаңыз 109 нөміріне хабарласып шағымдана аласыз.

    «Айғақ-Ақпарат».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.