Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Дәрі-дәрмектің нақты бағасын арнайы қосымша арқылы біле аласыз
    Айғақ TV

    Дәрі-дәрмектің нақты бағасын арнайы қосымша арқылы біле аласыз

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.07.2020Updated:08.07.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласының 18 мөлтек ауданында  «Адалдық алаңы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көше бойындағы дәріханаларға рейд жұмыстары жүргізілді. Оған БАҚ өкілдері, жастар мәслихатының депутаттары және Шымкент қаласының «Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ өкілдері қатысты. Ондағы мақсат – дәрілердің бар жоғын біліп, баға тұрақтылығына көз жеткізу.

    Елде вирус тарап, халықтың бірқатары дәріханада кезек күтіп, қажетті дәрілерін ала алмай жатқан жайлар кездеседі. Дәрі бағасы қымбаттады дегенді қала тұрғындардың аузынан көп естиміз. Рысқұлов көшесінің бойындағы «Мұрат фарм», «180/20», «Зерде» секілді кездескен дәріханаларға жүргізілген рейд барысында халықтың сұранысында жүрген: парацетамол, аспирин, анаферон, генферон, анальгин, азитромицин, аскорбин қышқылы секілді дәрілердің қайсысы сатылымда екенін білуге тырыстық. Аталған дәрілердің біршамасы «Зерде» дәріханасында кездесті. Бағасы да қол жетімді дейді қарапайым халық.

    «DariKz» туралы естігендер жоқ болса, назарға алған жөн. Қазіргі дәріханаларда дәрі бағасының қымбаттағанын байқасаңыз немесе тұрақты бағасы қанша екенін білгіңіз келсе, аталған бағдарламаны ұялы телефоныңызға орнатып, алатын дәрінің атауын жазыңыз. Содан соң, тұтынбақ болған дәрі-дәрмектің негізгі бағасы шығады. Егер, дәріхана қызметкері шекті бағадан асыра сататын болса, шағымдануға болады.

    Пандемия кезінде қалта қалыңдатуға тырысатындар көбейді. Осындай заңсыз дүниелерді болдырмау және алдын алу мақсатында халық жанашырлары тексеріс жүргізіп, бақылауға алуда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.