Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Емхана дәрігерлеріне де үстемақы төленеді
    Айғақ TV

    Емхана дәрігерлеріне де үстемақы төленеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.07.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Емхана дәрігерлеріне де үстемақы төленеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, — деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    “Емханада жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы қосу мәселесі қаралуда, өйткені, олар жұқпалы ауруға шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейді. Емханаларда провизорлық стационар ашылды, мамандар індет ошағына, үйге барып емдейді”,- деді

    Ал симптомсыз пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлерге қосымша ақы төленбейді. Олар науқастарға телефон арқылы кеңес береді, яғни пациентпен тікелей байланыста болмағандықтан, мұндай медицина қызметкерлерінің денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

    Ажар Ғиният коронавирус инфекциясымен күреске 46 мыңнан астам медицина маманы тартылғанын айтты.

    “Интерн-дәрігер, медициналық оқу орындарының жоғары курс студенттері де инфекциялық стационарларда, емханаларда қызмет етуде. Кеше көрші Ресейден бір топ әріптесіміз көмекке келді. Төсек-орны, медициналық базасы бар жеке меншік клиникалар да әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім жасап, коронавирус инфекциясына шалдыққандарды емдеуге араласады”, -деді вице-министр.

    Сондай-ақ, брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пандемиямен қарсы күрестегі дәрігерлердің рөлі мен олардың құқығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

    “Біз үшін әрбір әріптесіміздің орны бөлек. Кей өңірде медицина қызметкерлері қудалауға ұшауда. Кез келген жағдай заңмен қаралады және әр дәрігердің тағдыры министрліктің де назарында болады. Біз медицина қызметкерлерін қорғауға дайынбыз”, — деді министр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.