Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»М.Әйтенов: «Шымкент ауруханаларында орындар жеткілікті»
    Айғақ TV

    М.Әйтенов: «Шымкент ауруханаларында орындар жеткілікті»

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Шымкент қаласында науқастар аурухана қақпасына жетпей қайтыс болып жатыр және науқастарға орын жоқ». Әлеуметтік желіде тарап, Республикалық деңгейде талқыға түскен бұл ақпарат қаншалықты рас. Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түсініктеме берді. Баспасөз мәжілісіне  қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты.

    Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай және оны қалыпқа келтіру барысындағы жұмыстар жөнінде айтты.

    – Құрметті қала тұрғындары! Республикалық деңгейде Шымкент қаласы бойынша түрлі жаңалықтар жүріп жатыр. Яғни, Қазнетте  деген секілді ақпараттар тарауда. Осы жөнінде арнайы түсіндірме берсем, бүгінде қалада 650 инфекциялық төсек-орын бар. Оның ішінде жұқпалы ауруханаларда 350, жаңа салынған госпитальда 200 және Атамекен провизорлы стационарда 100 орын бар. Аталған ескі жұқпалы ауруханалар ауруханасында 321 науқас жатыр, госпитальда 172 және Атамекен провизорлы стационарда 42 науқас емделуде. Ал жалпы 115 орын бос. Одан бөлек, қалада 1690 провизорлы орын бар. Оның ішінде 1315-інде науқастар ем алуда, қалғаны бос. Яғни, провизорлы орындардың 77%-ы пайызы толып тұр. Сол себепті бүгін 500 провизорлы орын ашамыз. Ал жексенбі күні 200, дүйсенбі күні 500 провизорлы орын ашылады. Сондай-ақ, 51 мекемеде 628 төсек-орындық күндізгі стационар аштық. Оның 248-і бос. Аталған күндізгі стационардағы бір орын күніне 5 адамды қабылдай алады. Ал жұмыс уақыты таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін (демалыссыз) істейді. Айта кетейін, осы күндізгі стационарларда науқастар тіркелген емханасы бойынша тегін емделеді. Халыққа дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін емханалардың жұмысын екі есе күшейтеміз, – деді Шымкент қаласының әкімі.

    Сондай-ақ,қала әкімі әлеуметтік желіде тараған бейнероликтегі  ақпараттың  шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Бұл тұста, жедел жәрдем қызметкерлеріне тиісті нұсқау беретін диспетчерлік қызметтің қателігі бар екендігін де мәлімдеді.

    Ал, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаевтың айтуынша, қалада коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан 2084 науқас тіркелген. Оның 45 пайызы – симптомсыз. Провизорлы стационарлардың төсек қоры 89 пайызға жүктелген. Ал дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар.

    Брифинг соңында сөз алған қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы қазіргі кезде медицина мамандарына жүктелген міндеттің ауыр екендігін алға тартып, тынымсыз еңбек етіп жатқан мамандардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырды. Ең бастысы, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстану қажет екендігін ескертті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.