Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Дәурен Абаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
    Айғақ TV

    Дәурен Абаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.06.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Шара барысында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтауын оқып берді.

    Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Қуатов Дәурен Қасенұлына, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына, «Жетісу» телеарнасының директоры Сарыбай Серік Әбікенұлына, «Хабар» телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Трухачев Александр Владимировичке табыс етті. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттарын «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының тілшісі Әшім Альбинаға, «Хабар» телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына, «Semei» телеарнасының редактор-тележүргізушісі Нұрышева Маржан Еркімбекқызына, «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Смайлов Жандос Мейірбекұлына берді. Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысымен «Ана тілі» газетінің, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің, «Казахстанская правда» республикалық газетінің, «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымы марапаттады.

    «Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздер бұған әбден лайықтысыздар. Сонымен қатар өздеріңіз арқылы еліміздің бүкіл журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Қадамдарыңыз құтты, қаламдарыңыз жүйрік болсын! Еліміздің дамуы үшін ақпарат саласында аянбай еңбек ете беріңіздер», — деді Дәурен Абаев.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.