27 маусым күні басталған тестілеудің 6 – легінде Шымкент қаласының нөмірі №1, №80, №31 және атаулы №41 мектептерінің түлектері сынақ тапсыруда.Тестілеудің алғашқы күнгі нәтижесімен салыстырғанда, бүгінгі таңда заңға қайшы келетін әрекеттер азайған. Бірақ, әлде де заңбұзушылықтар тоқтар емес. Бұл жайында ОҚМПУ ректорының міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева мәлімдеді. Айтуынша, заңға қарсы әрекеттер тесттің алғашқы күндегі заңбұзушылықтармен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген.
