Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАЛАРЫН ШЕКТІК СОМАДАН АСЫРҒАН ДӘРІХАНАЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАЛАРЫН ШЕКТІК СОМАДАН АСЫРҒАН ДӘРІХАНАЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында пандемияға байланысты дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында арнайы қордан қосымша препараттар алдырудамыз. Дәріханалардағы дәрі-дәрмектің саны жеткілікті болуын әрі бағасының шектік сомадан аспауын қадағалайтын боламыз. Қазіргі таңда облыс аумағында 924 дәріхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Талаптарды сақтамаған дәріханаларға шаралар қолданылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Дәулет Тағыбаев мәлімдеді.
    «Дәрілік заттарды тағайындау емханаларда және кәсіби мамандардың нұсқамасы негізінде жүргізіледі. Антибиотик дәрілік заттары бөлшек саудада рецептсіз босатылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтың 426-бабының 1 тармағына сәйкес, әкімшілік шара қолданылады. Қызмет көрсетуші тұлғаға 70 АЕК, лауазымды тұлғаға 100 АЕК ретінде, кіші кәсіпке 130 АЕК, орта кәсіпке 200 АЕК, ірі кәсіпке 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Осы аталған жайт 1 жыл ішінде қайталанса, фармацевтикалық қызметпен айналысатын кәсіпкерлер 6 айға дейін фармацевтикалық қызметке лицензиясы тоқтатылады», — деді Дәулет Орынбайұлы.
    Сонымен қатар, дәрі-дәрмек бағасын шектік бағадан асырған дәріханана иелеріне де шара қолданылады. Шектік бағаны кез-келген азамат андроид желісінде «dariKZ» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы бөлшек саудада сатылатын немесе босатылатын дәрілік заттардың шекті бағасын бақылауға мүмкіндігі бар. Егер де баға шектік сомадан асып кетсе, түбіртегін алып, заң аясында арыздануға болады.
    «Облыс орталығында пневмония сырқатының көбеюіне байланысты қала әкімдігі тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылып, департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің мамандарымен бірлесіп, бөлшек саудадағы дәрі-дәрмектердің бағаларына мониторинг жүргізіледі. Мониторингтік топ бөлшек саудамен айналысатын дәріханаларда босатылатын дәрілік заттардың бағаларын негізсіз көтеру дерегін анықтаған жағдайда, қорытынды ұсына алады. Ұсынылған қорытындыға сәйкес, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданады», — деді департамент басшысының орынбасары.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.