Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан қаласында тігін фабрикасы салынады
    Айғақ TV

    Түркістан қаласында тігін фабрикасы салынады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен келген делегациясымен кездесті. Басқосу барысында екі тарап Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта тігін фабрикасын салу мәселесін көтерді. Нәтижесінде облыс орталығында жаңа кәсіпорын ашылып, 1200 адам жұмыспен қамтылмақ, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    «Елбасының Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Биыл Түркістан облыс мәртебесіне ие болғанына 2 жыл. Киелі шаһарға туристерді тарту  үшін көп жұмыс атқарылуда.  Түркістанның дамуына мемлекет тарапынан да ерекше көңіл бөлініп келеді. Қаланың инфрақұрылымын жаңарту, жаңа инвестициялар тарту және туризм саласын жедел дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Өмірзақ Шөкеев.

    Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Төтенше жағдайлар министрі Турсинхан Худайбергенов тігін цехын ашып, табысы төмен және мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен қыз-келіншектерді жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр. Тігін фабрикасында костюм, сырт киім мен спорт киімдері тігілетін болады. Алғашқы инвестицияны Өзбекстан мемлекеті салып, мамандары өз тәжірибесімен бөлісетіндігін жеткізді.

    Қонақтар іссапар барысында қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын күзде аяқтау керектігін айтты.

     Облыс әкімі  құрылыс қарқыны мен сапасына баса назар аудару қажеттігін ескертіп, құрылыс бекітілген кестеге сай аяқталуын жүктеді. Өзбекстан Республикасынан келген делегация өкілдері құрылыс алаңдарын аралап,  шаһардың ерекше көркіне қызығушылықтарын білдірді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.