Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымы тағы бір зерделі ғалымынан, білікті маманынан айрылды…
    Айғақ TV

    Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымы тағы бір зерделі ғалымынан, білікті маманынан айрылды…

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    70 жасқа қараған шағында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, белгілі агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР Ауыл шаруашылығы академиясының академигі Үмбетаев Ибадулла Изатуллаұлы өмірден өтті, — деп хабарлайды «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» баспасөз қызметінен.
    Ибадулла Изатуллаұлы Отандық аграрлық білім, ғылым, өндірісінің өркендеп, дамуына елеулі үлес қосты.
    Қазақ ауыл шаруашылық институтын (бүгінгі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу мақта институтының аспирантурасын бітірген. 1972-1978 жылдары – мақта шаруашылық тәжірибе стансасы зертханасының зерханашысы, ғылыми қызметкері, меңгерушісі. 1978-1979 жылдары – Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу мақта институтының аспиранты. 1979-1982 жылдары – Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, аудандық партия комитеті бөлімінің меңгерушісі, кеңшар директоры. 1982-1988 жылдары – Келес аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктің төрағасы. 1988-1991 жылдары – Шымкент облыстық агроөнеркәсібі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, Бөген аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары – Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1992-1997 жылдары – Жетісай аудандық әкімшілігінің басшысы, әкімі, Мақтаарал су шаруашылық жүйесі басқармасының бастығы. 1997-1999 жылдары – Мақтаарал ауданының әкімі. 1999-2006 жылдары – Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының директоры. 2006-2007 жылдары – «Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарған.
    Өмірінің соңына дейін Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры қызметін абыроймен атқарып, бірқатар халықаралық, мемлекеттік марапаттар алған.
    Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, А.Бараев атындағы мемлекеттік сыйлығының иегері, «Оңтүстік Қазақстан облысының жыл адамы», Жетісай және Мақтарал аудандарының құрметті азаматы құрметті атағына ие болған.
    «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ұжымы марқұмның отбасына, жақын туыстары мен әріптестеріне қайығыларына ортақтасып көңіл айтады.
    Қайраткер ғалым, іскер басшы, білікті маман Үмбетаев Ибадулла Изатуллаұлының елеулі еңбегі өзінен кейінгі жас буынға үлгі өнеге.
    Иманы саламат, топырағы торқа болсын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.