Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шымкент қаласы мәслихатының сессия отырысы өтті
    Айғақ TV

    Шымкент қаласы мәслихатының сессия отырысы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.06.2020Updated:22.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    22 маусым  күні  алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс   алпыс жетінші  сессиясы онлайн режимінде өтті. Депутат Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы төрағалық еткен мәжілісте сессия  күн тәртібіндегі бес мәселе қаралды, — деп хабарлайды shymkent-maslihat.kz.

    Сессия күн тәртібіндегі мәселелер  алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында және «Nur Otan» партиясы фракциясының онлайн режимдегі отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кадрларлық өзгерістерге байланысты Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегісараптамалық кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» және 2018 жылғы «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында инвесторлар кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы», «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы»   шешімдеріне  өзгерістер енгізілді.

    Сондай-ақ,сессия отырысында Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы Шымкент қаласы әкімдігінің жанында «Шымкент қаласы Экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

    Шымкент қаласында бейбітжиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбітжиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындалды.

    «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы  шешiмінің күші жойылды.

    Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

    1) «Наурыз» алаңы – Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, сыйымдылығы: 500-600 адам;

    2) «Даңқ» мемориалының алды – Абай ауданы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, 3 «Г», сыйымдылығы: 200-250 адам;

    3) Асар шағын ауданындағы орталық алаң – Қаратау ауданы, №2 және №6 көшелерінің қиылысы, сыйымдылығы: 200-300 адам;

    4) Шымкент қаласында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты болып МәделіҚожа көшесі (А.Байтұрсынов көшесі мен Қ.Қазиев көшелерінің аралығы) белгіленіп, Шымкент қаласы Әділет департаментіне тіркеуге жіберілді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.