Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді
    Айғақ TV

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.06.2020Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

    Үкімет басшысы мұнайға әлемдік бағаның төмендеуіне және сыртқы экономикалық конъюнктураның нашарлауына қарамастан, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының соңғы 6 жылдағы ең жоғары өсімі – 4,5%-ға қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар өсімнің 85%-ы шикізаттық емес салаларды дамыту есебінен қамтамасыз етілді.

    Экономика өсімінің негізгі драйверлері — өңдеу өнеркәсібі (4,5%), құрылыс (12,9%), көлік (5,1%) және сауда (7,6%) болды. Негізгі капиталға cалынған инвестициялар 8,5%-ға, оның ішінде жеке инвестициялар 9,5%-ға өсті. Сыртқы сауда айналымы $97 млрд дейін өсті, сыртқы сауданың оң сальдосының өсімі $19 млрд құрады. Инфляция жоспарланған дәліз шегінде 5,4%-ды құрады. Еңбек нарығында тұрақтылық сақталды. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Ең төменгі жалақы 1,5 есе өсті.

    Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1,7%-ға төмендеді. Бұл ретте экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілді. Тауарлар өндірісі 4,8%-ға артты.

    «Қазіргі жағдайда Үкіметтің негізгі міндеті – экономика өсімінің оң қарқынына шығу үшін қажетті жағдайларды жасау. Ол үшін еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр», — деді А. Мамин.

    Үкімет басшысы төтенше жағдай кезінде экономиканы тұрақтандыруға және халықты қолдауға бағытталған жедел әрі шұғыл шаралардың 2 топтамасы (биылғы 23-30 наурыз аралығы) қабылданғанын атап өтті. Әлеуметтік әлжуаз топтарға қаржылық көмек көрсетілді, оның ішінде қажетті дәрі-дәрмектермен және азық-түлікпен қамтамасыз етілді, банк несиелері бойынша төлемдер уақытша тоқтатылды, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Дағдарыс жағдайында жеке сектордың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ШОБ-ты жеңілдікпен несиелеу және бизнесті ауқымды ынталандыру шаралары қабылданды.

    Мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шараларымен осы жылдың соңына дейін 1,2 млн-нан астам азамат қамтылатын болады. Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы аясында 6,5 мыңнан астам жоба іске асырылады. Бұл 255 мың жұмыс орнын ашуға және инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту арқылы өңірлерде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бизнестің жол картасы экономиканың аралас салаларында 100 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға негіз болады.

    Үкімет 2020 жылға арналған Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеп, белсенді түрде іске асыруда. Ол іскерлік белсенділікті ынталандыруға, жұмыспен қамтуды және халықтың табысын қолдауға бағытталған нақты салалық шараларды қамтиды. Кешенді жоспарды іске асыру үшін Парламент қысқа мерзімде заңнамаға шұғыл түзетулер топтамасын қарастырып жатыр.

    Биылғы 1 тамызға дейін Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы аясында 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың жаңа редакциясы әзірленеді. Ол еліміздің жаңа экономикалық бағдарының негізгі бағыттарын анықтайды.

    «Жаңа экономикалық шынайылық орта мерзімді перспективада елдің сапалы әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатқа түбегейлі өзгерістерді енгізуді талап етеді», — деп атап өтті А. Мамин.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.