Алайда, су тапшылығы мұнда да бар. Егістіктен бөлек, Төрткүл ауылдық округіндегі кейбір елді мекен қара суды сатып ішуге мәжбүр. 14 мың астам халық тұратын Төрткүл ауылдық округінің құрамына 10 елді мекен кіреді. Онда 6 ауылда 24 сағат бойы жергілікті халық сумен толық қамтылған болса, қалған елді мекеннің тұрғындары ауызсудың 5 литрін 100 теңгеден сатып алуда. Егін шаруашылығымен күн көріп отырған ауыл тұрғындары үшін судың жоқтығы қолайсыз. Бұл жөнінде Төрткүл ауылдық округі әкімінің орынбасары ауылда атқарылған жұмысты баяндау барысында айтты.
«Әуелбек» шаруа қожалығында 7 гектар жерге жүгері және қарбыз егілген. Өнім егіліп, жеміс бергенге дейін 2 рет қана суарылады. Қазіргі таңда, егістік жұмыстарын 2 жұмысшы атқарады. 2003 жылдан бері егін шаруашылығын игеріп келген шаруа қожалықтың иесі су мәселесі бар екенін айтады. Мемлекет тарапынан 49 жылға берілген жерге әкімшілік тараптан да кішігіріп көмек көрсетіледі екен.
