Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Мақтараал: Болат Назарбаев қоры 20 үйдің құрылысын жалғастыруда
    Айғақ TV

    Мақтараал: Болат Назарбаев қоры 20 үйдің құрылысын жалғастыруда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       Мырзакенттегі жаңа шағынауданда Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 20 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. 8 ғимараттың іргетасы құйылды. Жалпы алғанда 20 үйдің құрылысы тамыз айында аяқталып, тұрғындар қоныс тойын жасай алады. Жаңа үйлердің құрылысы бизнесмен әрі меценат Болат Назарбаев негізін қалаған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қаржысына салынып жатыр.

      «Мырзакенттегі құрылыс жұмыстарын жергілікті «Жетісай-Құрылыс» пен «Тіней-құрылыс» компаниялары жүргізуде. Осылайша аудандағы құрылысшыларға демеу болып, уақытша жұмыс орындарымен қамтып отырмыз. Қазіргі басты мақсатымыз — салынып жатқан үйлерді уақытында аяқтап үлгеру. Жеке меншік үйлердің алғашқы кілттерін тамыз айының басында тапсыруды жоспарлап отырмыз.» — «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетов.

    4 бөлмелі үйлер жалпы ауқымы 100 шаршы метр үлгілік жобасымен салынып жатыр. Тұрғызылып жатқан үйлер жаңа шағын ауданның екі көшесінің бойында орналасқан. 20 үйді тұрғызу жұмыстарына меценат Болат Назарбаев 200 млн. теңгеге жуық қаражат бөлді.

    Бұдан өзге, қор атынан Мақтаарал ауданындағы ағайындарға көмек ретінде 20 тонна азық-түлік келген болатын. Сондай-ақ, «Салиқалы ұрпақ» қоры судан зардап шеккен жағдайы төмен 100 отбасыға 100 мың теңгеден үлестірмек. Балаларға да базарлық ретінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 20 оқушы Алматы облысындағы жазғы лагерьлерге жөнелетін болады.

    Айта кететін болсақ, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры қызметін 2016 жылдың сәуірінде бастады. Қор бірнеше бағытта жұмыс істейді: аз қамтылған отбасылардың жетім балаларын асырап, тәрбиелеу, отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыздандыру, ем қабылдауды мұқтаж ететін жандарға қаржылай көмек, білім беру ақысы, мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрлерді дамыту, мешіт құрылысы, әртүрлі деңгейдегі спорт шараларын өткізу. 

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.