Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: «Елбасы медалі» — жастарға арналған жаңа жоба
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: «Елбасы медалі» — жастарға арналған жаңа жоба

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.06.20202 252 Views

    Жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған «Елбасы Медалі» жобасы басталды. Бағдарлама негізгі 7 бағыттан тұрады. Олар: спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


    «Елбасы медалі» бағдарламасын “El Úmiti” бастамасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының және «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жүзеге асырады. Бағдарлама 14-29 жас аралығындағыларға арналған. Ол үш деңгейде болады: қола, күміс және алтын. Қолаға 14 жастан, күміске 15 жастан, алтынға 16 жастан бастап қатысушылар үміттене алады. Әр деңгейде қатысушылардың сабақ ұзақтығы мен жиілігіне қойылатын талаптар ұсынылған», — деді басқарма басшысы.
    Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан «Елбасы Медалі» бағдарламасының Түркістан облысы бойынша координаторы Қайырым Әнуарбеков медальді алу ережесі мен оның жеңілдіктерімен таныстырды.


    «Бағдарлама ерікті түрде. Жастарға міндеттелмейді. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында тіркелу қажет. Қосымша ақпарат алу үшін 7170 сall-орталығына хабарласуға балады. Әр деңгейде қатысушылардың сабақтарының ұзақтығы мен жиілігіне талаптар қойылады. Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтынға 18 ай қажет. Қатысушылар өздерінің жетістіктерін бағалайтын тәлімгерлермен жұмыс істейді. Бағдарламаның негізгі міндеті 7 бағыт бойынша мақсат қойып, оларға жүйелі түрде қолжеткізу. Жоба алдағы уақытта білімді және табысты жас азаматтың символына айналатынына сенімдіміз. Медаль иегерлері баллдары тең болған жағдайда, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға басым құқыққа ие болады. Біздің өңір «Елбасы Медалі» бағдарламасының үздік қатысушылары қатарында болады деп үміттенемін», — деді ол.


    Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақыттарын басқаруды, алдына мақсат қоюды және оларға жүйелі түрде қол жеткізуді үйренеді; салауатты өмір салтын ұстанатын болады және өзін-өзі үнемі дамытады. Көрсетілген нәтижелер негізінде бағдарлама қатысушылары алтын, күміс және қола медальдермен марапатталады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.