Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Тасмағамбетов немере бағып отыр, Мырзахметов карантинде, Бишімбаев стартап жобалармен айналысып жүр
    Айғақ MEDIA

    Тасмағамбетов немере бағып отыр, Мырзахметов карантинде, Бишімбаев стартап жобалармен айналысып жүр

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.06.20201 049 Views

    Иманғали Тасмағамбетовтің елші қызметінен кеткені туралы былтыр 18 желтоқсанда шыққан ақпарат ел ішінде кәдімгідей дүрбелең туғызды. Саяси элита арасындағы тартыс күшейген тұста танымал тұлға енді қандай қызметке тағайындалар екен деген сұрақтың маңызы арта түсті. Алайда, Ақорда Мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовті зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты.

    Одан бері алты ай уақыт артта қалды. Иманғали Нұрғалиұлы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болғанда Алматыда төбе көрсетті. Содан бері белгілі саясаткер бұқара алдына шыққан емес.

    Тасмағамбетовтің жақын әрі үзеңгілес досы, Қазақстанның Халық әртісі, актер Досхан Жолжақсынов Azattyq Rýhy  тілшісіне саясат сахнасынан кеткен белгілі тұлғаның немен айналысып жүргенін айтып берді.

    «ТЕПСЕ, ТЕМІР ҮЗЕТІН КЕЗІ ЕДІ ҒОЙ…»

    Актердің айтуына қарағанда Иманғали Тасмағамбетовті соңғы рет 17 мамырда көрген. Бірақ телефонмен жиі сөйлесіп тұратынын айтты. Екі-үш күн Алматыда болып, жақында астанаға кетіпті. Жолжақсыновтың айтуынша, негізінен немерелеріне қарайды. Олар екі қалада тұрады екен.

    «Еш айтарлықтай жоспары жоқ. Емделіп, демалып, отбасы қасында, немерелеріне қарайды, бүкіл шаруасы осы. Кітап оқиды. Денсаулығына қарайды. Осындай енді. Таяқ ұстап тұрған кәрі емес. 63 жас деген пайғамбардың жасы дегенімізбен, Шариғат туралы, пәлсапалық тұжырымдар жайлы, жақсы-жақсы тәлімді әңгімелер айтатын жас қой бұл өзі», — дейді  досы туралы актер.

    Жолжақсынов Тасмағамбетов жоғары жақтың шешімін қиналмай қабылдағанын айтты. Бірақ досы үшін белгілі актердің өзі күйінетін сияқты.

    «Айтпаса, сөздің атасы өледі. Қызметке келгенде нағыз тепсе, темір үзетін кезі еді ғой. Біріншіден, өмірлік  тәжірибесі де, қызмет, саясат жолында да тәжірибесі жетеді. Енді демалысқа шыққаннан кейінгі тірлігі осы болып қалды. Бірақ оның көңілін, көкірегін ашып көру оңай шаруа емес. Өзі мықты азамат болған соң, білдірмейді. Негізі, іші-сыртының бәрі көзінен көрініп тұратын тазалығы бар. Бәріміздің тірлігіміз осы енді. Зейнетке шыққан соң, 5-6 тиынды күтеміз. Ол немерелеріміздің ойыншығынан аспай қалады.

    Ешқандай қоғамдық жұмысы жоқ. Қолдан келген дүниелерді елшілікте жүргенде де істеді. Сол жақтағы қазақтардың басқосуына да, олардың ұлттық құндылықтарды тануына да біраз ықпал жасады. Біраз батырларымыз бен тұлғаларымызға ескерткіш ашуға себепші болды. Қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазір енді (қызметке — AR) шақырса да бармайтын шығар.  Жан-жаққа тартуы мүмкін. Билікке қарсылар да, билікті жақтайтындар да. Қоғам болған соң болады», — деп өкінішін білдірді Жолжақсынов.

    ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ЖАСТАР КОНГРЕСІН БАСҚАРА БЕРЕДІ 

    Мемлекеттегі ең маңызды посттардың бірінде отырған тағы бір белгілі тұлға жуырда орнын босатты. Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мамырда Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Тастамағабетовтен кейін, қоғамда ең қызу талқыланған тақырыптың бірі осы болды.

    Бір айдан бері жұмыссыз отырған саясаткер шетелге көшіп кетіпті деген дақпырт да тарап жатқан. Сенаттың экс-спикері өткен аптада  Жастар конгресі кеңесінде отырыс өткізді. Ұйымның Instagram-дағы реcми парақшасына видео жарыққа шықты.

    📌 Кеше біздің кеңсемізге Қазақстан жастары конгресінің Кеңес Төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева келді. ⠀ ✅ Жиналыс барысында өткен жылғы атқарылған жұмыс туралы есеп беріліп, конгрестіктер алдыңғы жылға жоспарлаған жобаларын таныстырып, мақсаттары және тың идеяларымен бөлісті.💡 ⠀ Жиналыс өте қызық, әрі нәтижелі болды. 😊☝🏻 ⠀ 📌 Вчера наш офис посетила Председатель Совета Конгресса молодёжи Казахстана Дарига Нурсултановна Назарбаева. ⠀ ✅ В ходе совещания был представлен отчёт о проделанной работе за прошлый год👍🏼 , а также командой КМК были презентованы планируемые на этот год проекты, инициативы и новые .💡 ⠀ Совещание прошло очень плодотворно и в очень душевной атмосфере😊☝🏻 ⠀ #jascongress

    A post shared by ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ КОНГРЕСІ (@jascongress) on Jun 3, 2020 at 6:36am PDT

    Айта кетейік, Дариға Назарбаева Қазақстан жастар конгресін 2016 жылдан бері басқарады.

    ҮЛКЕН МЫРЗАХМЕТОВ КАРАНТИНДЕ  

    Биыл ақпан айында Қордай оқиғасынан соң қызметінен босатылған Асқар Мырзахметов Алматыда тұрып жатыр. Өзін Нұрбол деп таныстырған, бұрынғы Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі  Azattyq Rýhy тілшісіне төмендегідей қысқаша ақпарат берді.

    «Асқар Исабекұлы шетелде емес, Қазақстанда. Қандай кәсіппен айналысатынын білмеймін. Ақпан айында қызметтен кеткен соң екі айдай карантинде болды. Қызметте қайда болса, сонда тұрады ғой. Бірақ негізгі үйі Алматыда. Жеке шаруалары туралы білмеймін. Жұмысқа қатысты ғана хабарласып тұрамыз. Басқа мән-жайларды айта алмаймын. Ол кісінің өзіне хабарласып біліп берейін», — деді көмекшісі.

    58 жастағы Асқар Мырзахметов Түркістан облысында өмірге келген. Ауылшаруышылығы маманы 1991-1995 жылдары Сауат Мыңбаев, Зейнолла Кәкімжановтармен жеке қаржы саласында еңбек еткен. Ал мемлекеттік қызметке 1997 жылы Үкімет басшысының кеңесшісі ретінде кіріседі. Ауылшаруашылық вице-министрі, Ауылшаруашылық министрі, Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елші, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Жамбыл облысының әкімі сияқты үлкен қызметтік жолдан өткен. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2020 жылы 10 ақпанда қызметінен босатылды. Содан бері жұмыссыз.

    БИШІМБАЕВ СТАРТАП ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛҒАНЫН ЖАЗДЫ

    Ал 37 жасқа дейін мемлекеттік қызметте жасындай жарқылдаған Қуандық Бишімбаев бір күнде бар абыройынан айырылып, 10 жылға сотталып кеткенін ел ұмыта қойған жоқ. Небәрі 22 жасында Үкімет мүшесі болып қызметке кіріскен Қуандық Уәлиханұлы Экономика және бюджетік жоспарлау министрлігіне бөлім басшысы болып қызметке орналасады. Қызметі жыл сайын өсіп, елдегі бірнеше министрлікте орынбасар, Президенттің көмекшісі, квазимемлекеттік секторда, Президент әкімшілігінде сектор меңгерушісі сияқты сатыдан өтті.

    Қуандық Бишімбаев былтыр 11 қазанда Шымкенттегі түрмелердің бірінен босатылды. Бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпты деп танылған экс-министр рақымшылыққа ілінген соң, өзінің тұрғылықты жерінде пробациялық бақылауда болады. Айта кету керек, Қуандық Бишімбаев Facebook желісіндегі парақшасын істі болып жатқанда да жоймаған. Қапастан босап шыққан соң, екі айдан кейін ол желідегі белсенділігін үдетті. Негізінен, классикалық музыка және өзі оқып жатқан кітаптары туралы ақпараттармен бөлісіп отырады.

    Елдегі экономикалық жаңалықтар туралы да пікірін жазып отырады. Соңғы жазбасынан Startup-пен байланысты жобаларды қолға алғанын байқауға болады. Статусындағы ақпараттардан оның Нұр-Сұлтанда тұратыны белгілі.

    Скриншот. Қуандық Бішімбаевтың жеке парақшасынан

    Қуандық Бішімбаев соңғы рет Facebook-тегі парақшасына 10 маусымда жазба қалдырып, «Ай-ти стартап үшін күш-қуаты тасыған және амбициясы басым жетекші керек. Жекеге жазыңыздар…» деген болатын. Алайда біздің тілшінің мессенджерге қалдырған сұрау хатына жауап қатқан жоқ.

    БҰРЫНҒЫ БҰРЫМДЫ ДЕПУТАТ ЕНДІ АСПАЗ  

    Тоқсанынышы жылдары КТК (Көңілді тапқылар клубы — AR) құрамында, халықаралық сайыстарда мемлекет атынан ұлттық құрамаларда өнер көрсеткен Бақыт Сыздықова эпатажды пікірлерімен танымал болды. Ол жастар саясатымен айналысатын ұйымдарда жетекші бола жүріп, сол кездегі Астана қаласының мәслихатына депутат болып сайланады. Оның мемлекеттік қызметтегі мансабы Білім және ғылым министрлігінде, содан соң «Нұр Отан» партиясында жалғасын тапқан. Содан кейін Сыздықова 2007 жылы партиялық тізіммен Парламент Мәжілісіне депутаттыққа өтті.

    Бұрымды депутат өкілеттілігі аяқталған соң, саясатпен айналыспайтыны туралы жазған болатын. Бірақ ол әлеуметік желідегі парақшаларында қоғамдағы оқиғалар туралы жиі пост жазып, пікір білдіріп отырады.

    Аспаздық саласында кәсіп ашқаны туралы да жиі жазба қалдырып, «У Бахыт» деген атпен дүкендер желісін іске қосқанын айтты. Ол Нұр-Сұлтан қаласында осымен 9-шы сауда орнын ашқанын, ол жерде түрлі тәтті тағамдардан тыс, 70 теңгеге әлеуметтік нан сататынын хабарлады. Бұл туралы экс-депутат 4 маусымда пост жазып, оның астына әзілге толы бейнебаянды жүктеді.

    Ришат Асқарбекұлы, Алматы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.