Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қоғамдық тамақтанатын орындар тексерілді
    Айғақ MEDIA

    Қоғамдық тамақтанатын орындар тексерілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.06.2020579 Views

    Шымкент қаласында карантин талаптарын сақтамаған нысандар ережені ескермесе, есіктері қайта жабылады. Қаладағы сақтық шараларына салғырт қараған бірнеше дәмхана, мейрамханалар ашылмай жатып жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Төтенше жағдайдан кейін, келушілерді қабылдай бастаған тамақтану орындары қазіргі таңда жіті тексерілуде. Оған себеп, санитарлық талаптардың сақталмауы болып отыр.

    Қоғамдық тамақтану орындары әлі де санитарлық талаптарды орындауға асығар емес. Оған Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов кезекті рейд барысында көз жеткізіп, кәсіпкерлерлерге шара қолданды. Мобильді топ қаладағы Некрасов көшесінің бойындағы қоғамдық тамақтану орнын аралап, санитарлық талаптардың сақталмағанын көріп, осымен 2 асхананың есігін  жапқан болатын. Бүгінгі тексеру барысында да 1 дүңгіршек жабылды. Оған себеп, саудагерлердің қолғабы мен медициналық бетпердені тақпауы. Мұнымен қоса, тазалық  та сақталмаған,  Ал қалғандарына әзірше ескертулер берілуде. Әкімдіктегілер жауапқа тартылғандардың әрекеті өзгелерге сабақ болса екен дейді.

    Бүгінде тамақтану орындары ашылғанымен, мейрамхана қызметкерлері күшейтілген режимді сақтауы керек. Ол үшін  әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдар мен үстелдерді, орындықтарды сүртіп тұру қажет. Сондай-ақ, келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық қолданыстағы кіре-берістерде тепловизорлардың болуы шарт. Рейд барысында, өлшеуіш құралдардың бірі жұмыс істеп тұрса, бірі істен шыққандығын байқадық. Сонымен қатар, қолға арналған санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар антисептикалық заттың болуы міндетті дейді мобильді топ мамандары.

    Еске сала кетсек, Шымкент қаласының аумағында 22 маусымға дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылған болатын. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, COVID-19 індетінің тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік талаптарды қатаң сақтау керектігі ескертілуде. Сондай-ақ, қаулыға атүсті қараған тамақтанатын орындар енді жабылатын болады. Тексеру жұмыстары аудан аумағында күнделікті жалғасады.

    Салтанат Рүстембек,

    «Айғақ» телеарнасы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.