Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында 10 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында 10 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.06.20201 300 Views
    сурет Zakon.kz

    Түркістан облысының криминалдық полиция қызметкерлері браконьерлікке қатысы бар деген күдікпен 10 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады.

    Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінде БАҚ-ның өкілдерімен брифинг өткізілді. Онда департамент бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов бірнеше жылдар бойы Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулап жүрген қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

    сурет Zakon.kz

    Полиция подполковнигі Қ.Сахов өз хабарламасында: «Ағымдағы жылдың сәуір айының басында Түркістан облысы Полиция департаментіне белгісіз тұлғалар Шардара су қоймасы аумағында заңсыз балық аулаумен айналысатыны туралы арыз келіп түскен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.     Департаментте бірден осы белгісіз адамдарды анықтап және ұстауға бағытталған арнайы жедел тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаумен айналысқан қылмыстық топтың ізіне түсті. Бұл әрине, полицияның бір күндік жұмысының нәтижесі емес. Жедел уәкілдер күдіктілерді ұстау үшін екі ай бойы дәлелдемелер жинақтады. Қылмыстық кәсіпке күдікті барлық қатысушылардың байланыстары зерттеді.        Нәтижесінде, маусым айының басында полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, оның 3-і әйел. Олардың барлығы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 20-дан 53 жасқа дейінгі тұрғындары болып шықты. Айғақты зат ретінде балық аулау құралдары (Электр құралжабдықтары, желілер, металл ілмектер), 13 моторлы және резеңке қайықтар, 12 калибрлі 389 оқтары, бір жарым тоннадан астам балғын балық және 425 килограмм ысталған балық алынды. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 8 000 000-нан астам теңгені құрады. Күдікті ретінде 3 адам қамауға алынып, 7 адам «ешқайда кетпеу туралы қолхатта». Бұл қылмыстық топ бірнеше жыл бойы Шардара су қоймасында балық аулаумен айналысып жүргені белгілі болды.

    сурет Zakon.kz

    Полиция қызметкерлері браконьерлердің ұйымдасып әрекет еткенін жоққа шығармайды. Қылмыстық топтың қатысушыларының барлығы өздеріне белгіленген әрекеттерді жасаған: балықшылар заңсыз балық аулап, содан сатып алушыларға өткізген.  Өз кезегінде олар балықтарды Шымкент қаласының базарларында сатқан. Сондай-ақ, балық сатып алушылар, балықшыларға материалдық көмек беріп отырған. Күдіктілердің арасында екі отбасы бар. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда»-деп журналистерге күдіктілерді ұстауда атқарылған қызметтер мен қылмыстық топ жайлы мәлімет берді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.