Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкенттегі Елтай тұрғын алабында үйлердің құрылысы басталды
    Айғақ MEDIA

    Шымкенттегі Елтай тұрғын алабында үйлердің құрылысы басталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.06.2020848 Views

    Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында табиғи апаттың салдарынан зақымданған 5 үйдің іргетасы қаланды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Үйлердің құрылысын еліміздегі ең ірі құрылыс мекемесінің бірі болып табылатын «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізетін болады. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
    Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Елтайға арнайы барып, тұрғызылып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Қала басшысы тұрғын үй құрылысын салуда елімізде көш бастап жүрген аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.
    Осы айдың соңында аяқталуы жоспарланған үйлердің өлшемі 11х11 метрді құрайды. Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден болады. Жоба бойынша ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізіледі.
    Мұрат Дүйсенбекұлы су басып өткен аулалар мен көшелерді аралап көріп, ондағы тұрғындармен кездесті. Өз кезегінде әкім су тасқынынан шығынға ұшыраған тұрғындарға «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан тиісті көмек көрсетілетінін және барлық құрылыс жұмыстары аяқталған соң тұрғын алаптағы бас көшеге асфальт жол төселетінін айтып өтті.


    Кездесу барысында тұрғын Жаңабаев Батырхан қолдау көрсетіп жатқан барша қызметкерлерге алғысын білдіріп, кезінде демеушілер есебінен салынған Тоғыс өзенінен өтетін Елтайдағы екінші көпірді жөндеп беруін сұрады. Осы ретте, қала әкімі көпір салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін және қаржы бөлу бойынша мәслихатқа ұсыныс хат енгізілетінін жеткізді.
    Аралау қорытындысы бойынша әкім табиғи апаттың алдын алу және болдырмау мақсатында сала жетекшілеріне қашыртқы каналдар жүйесі жобасын әзірлеуді тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.