Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Рашид Аюпов: «Еліміз туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты»
    Айғақ MEDIA

    Рашид Аюпов: «Еліміз туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты»

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.06.20201 519 Views

    Рашид Аюпов түркістандықтарды 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтады. Аталмыш жазбаны Түркістан әкімі фейсбук парақшасында жариялаған, — деп хабарлайды «Айғақ» ақпарат тілшісі.

    «Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» — деген болатын.
    ⠀
    Биыл елдігімізді айқындайтын мемлекетіміздің басты нышандарының қабылданғанына 28 жыл толып отыр. Бүгінгі күнге дейін, аспан көк Туымыз ғаламшардың ең биік шыңдарына тігіліп, шексіз ғарышта да көрінді. Оң қолымызды жүрек тұсына қойып, «Менің Қазақстанымды» шырқағанда, ерекше бір сезімге бөленесің. Ал, Елтаңбамыз ел тарихынан сыр шертіп, ұлттық рухымызды асқақтатып келеді.
    ⠀
    Рәміздер өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін ұялатып, патриотизмге үндеп, батылдыққа тәрбиелейді. Сондықтан да кейінгі жас буын осы рәміздерді бойтұмарындай қастерлеп, ерекше құрмет тұтуы тиіс. Бұл әрбір азаматтың Отан алдындағы басты міндеті деп білемін!
    ⠀
    Баршаңызды 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін!
    ⠀
    Құрметпен, Рашид Аюпов» — делінген.

    Еске сала кетейік, 1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.