Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбековтің өкімімен Ералиев Ерик Жарылкасынұлы 2020 жылдың 28 мамырынан бастап, қол қою құқығымен Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
Ералиев Ерик Жарылкасынұлы 1980 жылы ОҚО Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Білімі –жоғары. 2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақтан мемлекеттік университетін «Кәсіби оқыту» мамандығы бойынша, 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қостөбе орта мектебінің іс-жүргізушісі болып бастаған. 2006-2012 жылдары Қостөбе орта мектебінің мұғалімі болған. 2009-2010 жылдары Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған. 2010-2013 жылдары Шымкент қаласындағы ТОО «Югтех СМАБ» директорының орынбасары қызметінде болған. 2014-2020 жылдары Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарып келген.