Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте 2448 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте 2448 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.05.2020967 Views

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен қала аумағы бойынша жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару бойынша жиын өтті.Онда жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Әшірбеков нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін 2448 жер учаскесі бойынша қаулы шығарылғанын атап өтті, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
    «Аталған нысандарға ағымдағы жылы 3,7 млрд. теңге қаражат қарастырылған. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Бүгінгі таңда алаңы 17,3 гектарды құрайтын 152 жер учаскесін қайтаруға 1 млрд. 458 млн. теңге жұмсалған»,-деді басқарма басшысы.
    Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бес айында тұрғын үйлер құрылысы мен жол құрылысына, жаңа терминал мен жұқпалы ауруханаға және мектеп пен жасыл аймақ құру сынды 11 нысанның құрылысы үшін құру үшін мемлекет мұқтажына қарастырылған жер учаскелері толықтай қайтарылған.
    Құрылыс жұмыстарына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстарына қарқын беруді айтқан қала басшысы бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар үшін қажетті жер телімдерін қайтаруды тапсырды.


    «Жоспарланған құрылыстың созылуына алып келетін мәселенің бірі меншік иелерінің бағаланған мүліктің құнына келіспейтіндігі. Сондықтан құнын айқындауда меншік иесінің құқығы қорғалып, нарықтағы құнмен өтелуі тиіс. Сонымен қатар, қалада жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығы туралы тұрғындарға дұрыс түсіндіру қажет»,-деді М.Әйтенов.
    Еске салсақ, өткен жылы 199 жер учаскелері 2 млрд. 301 млн. теңге қаражат бөлініп, 61,8 га жер мемлекетке қайтарылған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.