Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің өкілеттігі артады — Президент
    Айғақ MEDIA

    Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің өкілеттігі артады — Президент

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.05.2020251 Views

    Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеттігі арттырылады. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Бүгінде барлық ел қауіпсіздігінің маңызды бөлігі — биологиялық қауіпсіздік мәселесі болып отыр. Бұған дейін коронавирустың қайта таралуына дайын болуға тиіс екендігімізді айтқан болатынмын. Ахуал еліміздің және көршілес мемлекеттердің аумағында тұрақты табиғи ошақтар мен өзге де қауіпті инфекциялардың болуына байланысты күрделене түсуде. Бірқатар жүйесіз реформалар мен қайта ұйымдастырулар санитарлық-эпидемиологиялық қадалағау және инфекциялық бақылау жүйелерінің әлсіреуіне себеп болды», — деді Мемлекет басшысы. Бұл ретте ҚР Президенті санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту қажеттігіне баса назар аудартты. «Осыған орай қазірдің өзінде жаңа комитетті құру жұмысы басталды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеттігі арттырылатын болады. Өмірдің өзі бұл реформаға түрткі болып отыр. Бұл қызметтің мамандарын әлеуметтік қорғау және кадрларды дайындау жүйесі қайта қаралады. Бұған қоса, инфекциялық аурулармен күрес саласында шет елдермен ынтымақтастықты одан ары нығайту қажет. Биологиялық қауіпсіздік жүйесі ортақ стандарт бойынша жұмыс істеуі және қатерлерге еларалық өзара іс-қимыл мен қарсы тұру шараларын қамтамасыз етуі тиіс», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы заңды жыл соңына дейін қабылдау қажеттігін баса айтты.

    inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.