Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қасым-Жомарт Тоқаев мықты ғалымдар тапшы салаларды атады
    Айғақ MEDIA

    Қасым-Жомарт Тоқаев мықты ғалымдар тапшы салаларды атады

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.05.2020304 Views

    Бірлескен зерттеулер жүргізу үшін жетекші шетелдік ғалымдарды тарту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Проблемалы мәселелердің бірі зерттеулер үшін құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі болып отыр. Осы жылы менің тапсыраммен институттарды материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жаңа бағдарлама ашылды. Алайда ол толық қаржыландырылмай отыр. Бұл проблеманы шешу қажет. Бүгінде әлеуметтік, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша мықты ғалымдардың өте тапшы екендігі байқалады. Оны бірлескен зерттеулер жүргізуге және докторанттар мен магистранттарға жетекшілік ету үшін жетекші шетелдік ғалымдарды тарту арқылы шешуге болады», — деді Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің атап өтуінше, мұндай тәжірибе нақты әрі қомақты нәтиже әкелуі тиіс. «ІРі отандық кәсіпорындардың, компаниялардың технологиялық алаңдарын ЖОО-лармен және зерттеу институттарымен байланыстыру да маңызды. Үкіметтен және сарапшылардан тиісті ұсыныс әзірлеуді өтінемін. Қазақстан ғылымының цифрлық экономикалық жүйесін қалыптастыру, ұлттық ғылыми-сараптамалық жүйені, отандық ғалымдар базасымен қазақстандық ғылыми цитата келтірудің индексін құру да маңызды. Мемлекеттік әкімшілеу тиімділігін арттыру үшін салааралық үйлестіруді қамтамасыз ететін орган ретінде Білім және ғылым министрлігін айқындау қажет. Бұл шаралар Парламент қабырғасында қаралып жатқан ғылым туралы заңнамаға өзгерістер топтамасында көзделуі тиіс», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

    inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.