Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Асқар Мамин: Зардап шеккен мақтааралдықтарға барлық көмек көрсетіледі
    Айғақ MEDIA

    Асқар Мамин: Зардап шеккен мақтааралдықтарға барлық көмек көрсетіледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.05.2020486 Views

    Бүгін ҚР Үкіметінің отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібінде төтенше жағдайдан зардап шеккен Мақтаарал ауданының қазіргі ахуалы туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баяндады, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат».

    Өмірзақ Естайұлының баяндамасына сәйкес, Мақтаарал ауданындағы 7639 га жерді су басты. Мал шығыны алдағы уақытта толықтай есептелетін болады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 303 полиция қызметкері жұмылдырылса, 53 арнайы көлік бар. Су арналарына бекеттер салынып, коллекторлар орнатылған. Сондай-ақ, судың жайылып кетпесі үшін канал қазу жұмыстары қарқынды  түрде атқарылуда.

    Өмірзақ Шөкеев бастаған жұмыс тобы 2 мамыр күні шұғыл түрде Өзбекстанға барып, Сардоба суқоймасында орын алған жағдайды бақылап қайтқан болатын. Өзбекстан билігі де 70 мың тұрғынды уақытында эвакуациялап, 10 елдімекені су астында қалған. Қазіргі таңда, Мақтаарал ауданының Қоғалы ауылындағы көпірді қарап, қосымша каналдар салу жұмысы басталып кетті. Жерасты сулары жақын болғандықтан, төтенше жағдай орын алған ауылдарда судың ұзақ тұруы мүмкін екендігін Түркістан облысының әкімі Үкімет басшысына баяндап, Экология министрлігінен қажетті шараларды қолға алуды сұранды. Сондай-ақ, Арыс тәжірибесін пайдалана отырып, әр үйдің шығындары есептелетін болады. Егілген егістердің өтемақысын да есептеп, өтеп беруге көмектесу керектігін Өмірзақ Шөкеев нақтылап берді.

    Айта кетейік, Түркістан облысындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі  Үкіметтің арнайы комиссиясы құрылған болатын. Аталмыш комиссияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр басқарады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.