Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ордабасы аудандық мәслихатының депутаттарының қолдауы бойынша Ордабасы ауданының әкімі лауазымына Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбековті тағайындады.
Айта кетейік, Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, инженер-экономист, инженер-жерге орналастырушы.
Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында «Оңтүстік Қазақстанжер Ғылыми өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорынының Ордабасы жер-кадастрлық бюросында жерге орналастырушы ретінде бастаған.
2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «ОңтүстікҚазақстанжер Ғылыми өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорынының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жер Ғылыми өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.
2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Ал, бұл тағайындауға дейін Нұрбол Тұрашбеков Түлкібас ауданының әкімі қызметін атқарып келді.