Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»КЕЛЕСТІКТЕР ТҮРКІСТАНҒА АЛЛЕЯ ТАРТУ ЕТПЕК
    Айғақ MEDIA

    КЕЛЕСТІКТЕР ТҮРКІСТАНҒА АЛЛЕЯ ТАРТУ ЕТПЕК

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.04.20201 047 Views

        Облыс орталығы Түркістанды түлету бағытында қазір қала аумағы 32 секторға бөлініп, барлығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның 16- шы секторы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Келес ауданы және Түркістан қалалық әкімдігі мемлекеттік сатып алу бөлімінің еншісіне берілген болатын. Аталған 16-шы секторда «Яссы»,» Баянауыл», «Қарашық» мөлтек аудандары орналасқан. Сектор бойынша жалпы жер көлемі 850 гектарды құраса, ал үйлердің саны – 1317, тұрғындар саны – 4380, көшелер саны 47. Қазіргі таңға дейін 16-шы сектор аумағында 6260 дана ағаш көшеттері отырғызылды.

        Егілген көшеттерге төлқұжат дайындалып, картасы жасалынған. Егілген тал-дарақтар бүгінде толығымен «Жасыл Түркістан» КММ-нің қарауына өткізілген. Секторлардағы егілген көшеттерді суғару мәселесі бойынша қазылған ұңғымалардан суғару жүйесі жүргізілгенге дейін техника (водовоз) арқылы суғарылуда. Сондай-ақ, жарықшамдар, қоқыс жәшіктері, орындықтар мен аялдамаларды орнату жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Орындықтар, қоқыс жәшіктері, аялдамалар дизайндерінің біркелкі болуы бақылауға алынған. Сектор аумағындағы ғимараттардың (тұрғын үй, кәсіпкерлік нысандар және т.б) қасбеттерін ретке келтіру жөнінде меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

        Қазіргі таңда 120 тұрғын үй, 3 кәсіпкерлік нысанның қасбеттері ретке келтірілген. Қасиетті Түркістан қаласын көгалдандыруға Келес ауданынан 15 адам, жергілікті тұрғындардан 5 адам тұрақты жұмысқа тартылды. Тазалық жұмыстарына 3 техника жұмылдырылған. Қаладағы Руханият көшесінің бойынан жастардың бос уақытын тиімді әрі көрікті өткізуі үшін аллея соғылуда. Қазіргі таңда аллея аумағына аяқ жолдар төселіп, декоративті ағаш көшеттері егіліп, газон шөптері себілуде. Егілген көшеттерді суғару жүйесі (система) жүргізіліп, күнделікті суғарылуда. Орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатуға да тапсырыс берілді.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.