Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Әйтенов жол құрылысының жұмысымен танысты
    Айғақ MEDIA

    Әйтенов жол құрылысының жұмысымен танысты

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.04.20201 281 Views

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы жол құрылысы жұмыстарымен танысты, — деп хабарлайды Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы.

    — Қала аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады. Шымкенттің құрамына енген 41 елдімекеннің де инфрақұрылымы қайта қаралады. Миллионды қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл — қомақты қаражат. Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет, — деді қала әкімі.

    Мердігер компаниялар мен техникалық қадағалаушы ұйымдардың өкілдерімен жүздескен қала басшысы жолдың сапасын құрылыс біткен соң емес кемшіліктерді алдын ала анықтап, жою керектігін ескертті.

    – Бұған дейін жол салынып болған соң барып сапасы тексерілетін. Қазір құрылыс жүріп жатқан кезде бақылауға мүмкіндік бар. Ол үшін арнайы жылжымалы зертханалар жұмыс істеуде. Заманауи құрылғы олқылықты дер кезінде анықтап береді, — дейді «Жол активтер сапасы орталығы» филиалының директоры Мұхтар Дүйсенбеков.

    Қала әкімі аталған орталыққа жол құрылысының сапасын қатау бақылауға алуды тапсырды.

    Шымкентте жалпы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 976,6 шақырымды құрайды. Оның 1 758 шақырымына  асфальт төселген.

    Қалада  биыл  417,6 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджет есебінен 25,6 млрд.теңге бағытталған. Оның 5,1 млрд. қаржысы республикалық, қалған 20,5 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен қаралған. Бұл қаржыға 294 шақырым жол мен 6 көпір және 1 жолайрық салынуда.

    Бүгінде қалалық маңызы бар магистралды көшелердің 75,3 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Д.Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары қамтылған. Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр.

    Атап айтқанда, Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар жөнделуде. Оған қоса қала жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында, 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда.
    «Нұртас» шағынауданында биыл 18,8 шақырымды құрайтын 11 көшенің күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 1,1 млрд., ал, «Бозарықтағы» 6 көшеге 230,8 млн. теңге қаржы қаралды.

    Облыстық маңызы бар ҚХ-82 автомобиль жолының 18,1 шақырымына күрделі, 8 шақырымы қайта құрылымдаудан өтіп жатыр.  Сайрам су өзенінің үстіне салынып жатқан көпір қыркүйекте пайдалануға берілмек.

    «Сайрам» шағынауданында 6 көшені орташа жөндеуге 164,8 млн. қаралса, «Базарқақпадағы» 3 көшені орташа жөнделіп жатыр.

    Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы аталған жол құрылысының жұмысымен жеке-жеке танысып шықты. Тұрғындармен жүздесіп, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

    Шеткі тұрғын алаптардың ақсақалдары қоғамдық көлік, жол, жарық мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар үшін қала әкіміне ризалығын білдіріп, ақ батасын берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.