Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент әкімі Тоқаевқа атқарылған жұмыс жайын баяндады
    Айғақ MEDIA

    Шымкент әкімі Тоқаевқа атқарылған жұмыс жайын баяндады

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.04.20201 229 Views

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімімен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавруспен күрес, қазіргі санитарлық-эпидемиологялық жағдай және аймақтардағы карантиндік шаралардың орындалуы жайы айтылды. Мемлекет басшысының азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнестің кезең-кезеңмен іске қосу, көктемгі дала жұмыстары мен жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру туралы тапсырмаларының орындалуы сөз болды.

    Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласының әкімі Президентке қазіргі жағдайды баянадады.
    Мұрат Дүйсенбекұлы Мемлекет басшысына елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап, бірінші кезекте миллионды қала аумағына 18 санитарлық бұғаттау бекеті қойылғанын атап өтті. Ол жерлерде құзырлы орган өкілдерінен жасақталған топтар тәулік бойы үш ауысымда жұмыс істеп жатқанын, алғы шептегі қызметкерлер қажетті медицицналық киімдермен толық қамтылғанын жеткізді.

    Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты 4 сәуірден бастап қала аумағында карантин жарияланып, барлық сақтық шаралары күшейтілген.

    Қала  аумағы толықтай  залалсыздандырылуда. Оған қосымша күш ретінде Мемлекет басшысының жарлығымен жасақталған 100 әскери міндетті сарбаз да тартылған. Шымкентте медициналық қорғаныс құралдарының мәселесі шешілген.

    Өз сөзінде Әйтенов Президентке «Өзіңіздің тапсырмаңызбен қолға алынған әлеуметтік төлем 42,500 теңгені  Шымкенттен 225 мың адам алды. Ал «Біз біргеміз» акциясы негізінде  аз қамтамасыз етілген  22 мыңға жуық адамға 50 мың теңге көлемінде бір реттік көмек берілді», — деді.

    Шымкент — өндіріс орталығы. Қала аумағында жалпы 69 мыңнан астам шағын және орта бизнес тіркелген. Төтенше жағдайға байланысты тоқтап қалған нысандарды  кезең-кезеңмен іске қосу бойынша арнайы жоба әзірленіп, жұмыс жасалып жатыр. Бірінші кезекте қажетті деген өндірістерді іске қосуды жоспарлануда.

    Шымкентте көктемгі дала жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Шаруаларға қажетті жанар-жағармай арзандатылған бағамен беріледі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл шымкентте 224 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып нәтижесінде 8 380 мың адам жұмысқа орналасады.

    Қалада құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған азаматтарды құрылысқа тарту  мәселесі қолға алынды.

    Қазір жағдай бойынша Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны — 46. Дәрігерлердің жүйелі жұмысының нәтижесінде вирус жұқтырған бір отбасының 9 мүшесі сауығып,  үйлеріне шығарылатын болды, деп атап өтті қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

    Президент Шымкент қаласы әкімінің есебін тыңдай келе  жұмыстарды  қатаң бақылауға алып, өз дәрежесінде жүзеге асыруды тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.