• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Профессор Түркістанның құпияларымен бөлісті

18.04.2020
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің  ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Омарұлы Артықбаев «Түркістан құпиялары» атты онлайн-лекция өткізді.

Ер түріктің бесігі — Түркістан өңіріндегі тарихи жер атауларының шығу тарихы мен маңызы, көне Түркістан қаласының жұмбақ сыры мен тың деректері жөніндегі зерттеу еңбектерімен бөлісуге арналған лекцияда аңыз-әңгімелердің мәні, халықтың сенім-нанымдары туралы да ауқымды мәліметтер айтылды.

-«Арыстанбапқа түне, Әзіреті Сұлтаннан тіле» деген кең түсінік қалыптасқаны белгілі. Халық ең бірінші Түркістаннан 60 шақырым жердегі  Арыстанбаб кесенесіне барады. Неге? Осы жерде бір құпия бар. Оның себебі ислам Түркістан өңіріне келген 8-9 ғасырда  Арыстанбапта түркілердің тәңіршілдік дінінің орталығы болған. Егер тарихи-этнографиялық деректерді қарасаңыз сіз арыстанның қарлұқ тайпаларының ортақ тотемі екенін белген болар едіңіз.  Ал енді Арыстанбап кесенесіне кірген уақытта сіз назар аударсаңыз — Лашын бап, Қарға бап, тағы да басқа баптарды көресіз. Олардың барлығы да түркі халықтарының қасиетті тотемдері, түсінікті тілмен айтсақ -қасиетті ата-бабалары.
Құтайбы бастаған арабтар бұл жерлерді әскери күшпен бағындыра алмаушы еді. Себебі Сырдың ар жағында даланың жауынгер тайпалары тұрды. Сондықтан олар жергілікті тәңіршілдік діннің өкілдері – қожалармен компромиске келуге мәжбүр болды, яғни біздің ата-бабаларымыз ислам дінін қабылдады және өзінің тәңіршілдік әдет-ғұрып, дәстүрлерін сақтап қалды. Міне, осылайша қазақ исламы деген феномен дүниеге келді. Тәңіршілдік діннің абыздары ислам жағына өтті. Қазіргі күні қазақ қожаларының ішіндегі толып жатқан әулеттер өз тегін тәңіршілдік діннің өкілдері — жергілікті қожалардан алады. «Арыстанбапқа түне, Әзіреті Сұлтаннан тіле» деген сөздің құпиясында». Осылайша аңыздар мен салт-дәстүрлердің түпкі шығу мәні жөнінде деректер келтірген профессор Жамбыл Омарұлы Түркістан құпияларын 12 бөлікке бөліп, жекелей түсіндіріп өтті. Күлтөбе мен Сауран,  Сығанақ, қырық қақпалы Қарашық, Қарахан өркениеті, Созақ жеріндегі Қарахан дәуіріне тән пантеондар, Қарнақ және Жеті Нақ туралы әңгіме, Ясауидің жерасты қылуеті мен Сайрамның байланысы, Кәріз қонысының құпиялары толы қызықты да тарихи деректермен бөлісті.

Онлайн-лекция барысында көптеген сауалдар қойылып, жауаптар берілді. Толығырақ https://youtu.be/flD6ZPsIWXQ көре аласыздар.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Previous Post

«Он как будто к нам вернулся». Останки погибшего в ВОВ казахского воина нашли в России

Next Post

Өмірзақ Шөкеев: Жаңа құрылыстар — назарда

Related Posts

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.