Шымкентте 13 сәуір күні сағат 21:00-де қалалық жәдел жәрдем станциясының көліктері қаланың басты көшелермен жүріп өтті. Ондағы мақсат — тұрғындарға барынша үйде болуды ескерту. Бұл шараға барлығы 30 жедел жәрдем көліктері жұмылдырылған. Олар үшке бөлініп, Самал, Қазығұрт мөлтек аудандарын және қаланың орталығында жүрді.
Тұрғындардан бұл дыбыстан қорықпауларын сұраймыз.
Көше бойларымен дәл осылай жүріп өту ҚР Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасымен жүзеге асуда. Бұл «Үйде болыңыз» атты акция дәл осы 21:00-де еліміздің барлық қаласында орындалды.
Дәрігерлер осылайша тұрғындардың үйде болу керектігін жан-жақты түсіндіруде.
Айғақ-ақпарат